Бүгін Қызылордада облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен «Қанатты қалам» журналистер форумы өтті. Аймақ басшысы республикалық және облыстық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, оларға шығармашылық табыстар тіледі.
- Байланыс және ақпарат саласын үнемі назарда ұстап, маңыздылығын ескеріп және қолдап отыратын Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Барлық бұқаралық ақпарат құралдары меншік формасына қарамастан, өз халқының мүддесі үшін жұмыс істеуге тиіс» - деген болатын. Себебі журналистер – мемлекеттік бағдарламалар мен реформалардың мәнін қалың бұқараға жеткізіп, Елбасымыздың сарабдал саясатын насихаттап, халық ішіндегі өзекті мәселелерді талдап, билік назарына ұсыну миссиясын мойнына алған құрметті де күрделі кәсіп иелері,- деді облыс әкімі.
Өз кезегінде қаламгерлер де облыс әкіміне қолдау көрсеткені үшін алғыстарын жеткізді, әріптестерін құттықтап, саланы дамыту бойынша ой-пікір, ұсыныстарын айтты. Қазіргі таңда облыстың медиа кеңістігінде 90-нан аса бұқаралық ақпарат құралдары жұмыс істейді. Бұл салада 2 мыңнан астам адам еңбек етеді.