Бүгін ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінде Нидерланд корольдігінің ұлттық күні аталып өтті. Мереке аясында голландиялық клоундар балаларға ерекше көңіл-күй сыйлады, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
Жиын барысында Қазақстанның энергетика вице-министрі Әсет Мағауов қос мемлекет арасындағы барлық саладағы байланысты жоғары бағалады.
Ал Нидерланд корольдігінің Экономикалық істер жөніндегі министрі Хенк Камп қазақ жерінде 75-ке жуық голланд компаниясы жұмыс істеп жатқанын қуанышпен жеткізді.
«Сіздер Нидерланд корольдігінің павильонымен танысасыздар деген үміттемін. Голланд елі Қазақстанға жат емес. 1991 жылы Қазақ елі өз тәуілсіздігін алған соң, біз әріптестік байланыс орнаттық. Ал бүгінгі таңда біз Қазақстандағы ең ірі инвесторлардың біріміз. Осында 75-ке жуық голондиялық компаниялар жұмыс істейді. Голландия жерінің басым бөлігі теңіз деңгейінен төмен орналасқан. Өмір бойы біз өз жерімізді су баспауы үшін күрестік. Бұл жағдай бізге инновациялық шешімдерді қабылдауға, кәсіпкерлікті дамытуға әрі әріптестік орнатуға үйретті. Сондай-ақ, біз әріптестік қарым-қатынасты жоғары бағалаймыз», - деді ол.
Сонымен қатар Нидерланд корольдігінің ұлттық күні голландиялық клоундар «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне келген кішкентай бүлдіршіндерге ерекше көңіл-күй сыйлады.