Нұрлан Нығматулин Астана әуежайы атауының өзгертілуіне қатысты пікір білдірді

Нұрлан Нығматулин Астана әуежайы атауының өзгертілуіне қатысты пікір білдірді ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин палатаның жалпы отырысында Астана әуежайына Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін беру шешімімен қазақстандықтарды құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бүгіннен бастап елордадағы Астана халықаралық әуежайы Тұңғыш Президентіміз - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың атымен аталатын болды. Бұл Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаған Елбасының ерен еңбегіне тағы да бір ерекше құрмет.Сондықтан да барша қазақстандықтарды осы қабылданған шешіммен құттықтағым келеді. Біздің мемлекеттің құрылысында Ұлт Көшбасшысының ерен еңбегін бекіту тұрулы ұсыныс «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы тарихи Декларациясын» Парламент қабылдағаннан кейін белсенді талқыланған еді. Бұл тұрғыда Тұңғыш Президенттің есімін атап көрсету, оның ішінде Астана халықаралық жаңа әуежайының атын өзгерту қамтылған еді. Аталған бастама Қазақстан азаматтарының жаппай қолдауына ие болды. Осы орайда өңірлерге сапарлар барысында халықпен кездесулер кезінде көзіміз жетті», - деді Нығматулин Мәжілістің жалпы отырысында.
Палата төрағасы өз сөзінде еліміздің дамуындағы Нұрсұлтан Назарбаев стратегиялық реформалардың бастамашысы екенін айта келе, Президенттің ерен еңбегіне орай Астана елорда әуежайын Елбасының есімімен атау айрықша маңыздылыққа ие екенін жеткізді.  

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 21 маусым 2017 г. 562 0