Кеше «ЭКСПО-2017» көрмесіндегі Қытай павильонында Цзянсу өңірінің апталығы ашылды, деп хабарлайды Baq.kz.
Қазақстан мен Цзянсу өңірі іскерлік қоғамдастықтарының өкілдері қатысқан Қазақстан-Қытай бизнес форумы осы күннің маңызды шарасы болды.
Форум жұмысына 200-ден аса делегат қатысты. Оның ішінде Цзянсу өңірінің саяси және іскерлік элитасын құрайтын 60-тан аса қатысушы: вице-губернатор Чэнь Чжэньнин, Цзянсу өңірінің энергетикалық, агроөнеркәсіптік өндірістер басшылары, сонымен бірге Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чжан Ханхуэя.
Қазақстан тарапынан Қазақстанның инвестициялық ынтымақтастық агенттігінің бас директоры Айдын Байедилов, Мәжіліс депутаты Бахтияр Макен, Қазақстанның ірі кәсіпорындарының басшылары мен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы қатысты.
Форум Қытай компанияларымен тиімді жұмыс құрудағы іскерлік алаң болып табылады. Форум аясында қатысушылар Қазақстан-Қытай саудасындағы импорт пен экспорт стратегиялары жөнінде мағлұматтар алды, жаңа технологиялармен танысты.
Қытай павильонының аумағында Цзянсу өңірінің экономикалық әлеуетімен таныстыру мақсатында «Өнімдер энергиясы» тақырыбында арнайы көрме жұмысын бастады.
«Азияның іскер адамдары Цзянсуды «Айдаһар мойыны» деп атайды. Себебі бұл аймақтың Қытай экономикасындағы орны зор. Сондықтан, Астананың аймақтық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының белсенді қатысуымен өткізілген «ЭКСПО-2017» көрмесіндегі Цзянсу апталығына біздің Инвестициялық агенттігіміз үлкен мән береді», - дейді шара ұйымдастырушысы, Қазақстанның инвестициялық ынтымақтастық агенттігінің бас директоры Айдын Байеділов.
Цзянсу вице-губернаторы Чэнь Чжэньнин «ЭКСПО-2017» көрмесі «Бір жол, бір белдеу» қытайлық стратегиясы мен «Нұрлы жол» қазақстандық мемлекеттік бағдарламасы идеяларының дамуына жақсы алаң екендігін атап өтті.
Сонымен бірге, Қытай павильонында кытайлық әртістер өз өнерін көрсетті. Оған қоса «Цзянсу – өнімдер энергиясы» тақырыбындағы арнайы көрменің тұсаукесері ұйымдастырылды. Енді, бұл павильондарды Астанадағы «ЭКСПО-2017» көрмесінің қонақтары да көре алады.