ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ СЕРПІЛІСТІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ МҮМКІНДІКТЕРІ ҚАНДАЙ?

ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ СЕРПІЛІСТІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ МҮМКІНДІКТЕРІ ҚАНДАЙ?Кеше ¬Астана экономикалық ¬форумында  Қызылорда облысының әкімі, ¬саяси ғылымдар докторы Қырымбек Көшербаев бүгінгі таңда экономикада қалыптасқан жағдай туралы өз пайымдауларын білдірді.

Экономиканы ынталандыру шаралары іске қосылуы қажет
Қ.Көшербаев Қазақстанның орта табыс қақпанына түсіп қалмауы үшін үшінші жаңғыру аясында жаңа экономикалық саясатты жүзеге асыру қажет екенін атап көрсетті. Оның пікірінше, бүгінгі таңда экономиканың өсу кезінде инвестиция тартуға қолайлы жағдай жасап, орта таптың қалыптасуына, сондай-ақ экспортты әртараптандыруға негіз қалап үлгермеген елдерге қиын соғып отыр. Ал бұл экономикалық өсімнің жаңа үлгісін қалыптастыруда маңызды шарт болып табылады. Мысалы, 2008-2009 жылдары экономикадағы әлемдік дағдарыстан өткеннен кейін Қазақстан экономикасы 2011 жылы 7,5 пайызға өсті. Сол себептен 2017 жылы Қазақстан экономикасы тез қалпына келу үдерісін бастан өткеруде. Үстіміздегі жылдың 5 айында өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда, еліміздің ішкі жалпы өнімі 4,1 пайызға өсіп отыр. Бірақ, әзірге экономика өсімінің тұрақтылығы байқалмайды.
Облыс әкімінің пікірінше, орта табыстың қақпанына түсіп қалмас үшін Қазақстанға Ұлттық банк тарапынан коммерциялық банктерді қайта қаржыландыру тетігін барынша молынан пайдаланған абзал. Экономиканы ынталандыру үшін шектелген ақша-несие саясатынан ынталандыру саясатына  – экономиканың өсімін қамтамасыз ететін нақты жобаларды қаржыландыру тетігін іске қосып, инфляцияға қарсы шараларды қамтамасыз ету қажет. Бұл орайда технологиялық серпінділікті және өнім өткізудің жаңа нарығына шығуды қамтамасыз ету маңызды болып табылады. Облыс әкімінің пікірінше, бұл екі немесе үш он жылдықтың ісі болып табылмайды.

Бизнесте мемлекеттік
қолдау қажеттігі


Облыс басшысы бизнестің барлық бағытын мемлекеттік қолдаудың ма¬ңыз¬дылығын айтты. Оның ¬ойынша, бұл Қазақ¬станның ортақ кіріс қақпанына түспеуіне әсер етеді және үшінші жаң¬ғыру аясында жаңа экономикалық саясатты іске асыру барысында көмегі көп болмақ. Аталған мәселе бойынша Оңтүстік Кореяның бизнес ортаның дамуына жағдай жасаған мысалын кел¬тірді. Бүкіләлемдік DoingBusiness банк зерттеуі бойынша Корея 5-ші, ал Қазақстан бұл рейтингте 35-орында. Корея бұл жетістікке кіші және орта компанияларға қолайлы жағдай жасау арқылы қол жеткізді. Сондықтан орташа кіріс тұзағынан шығу шараларының тиімділігін -арттыру үшін Қазақстанға бизнестің барлық бағыттары бойынша мемлекеттік қолдау көрсету қажеттігі туындайды.
Облыс әкімінің пікірінше, бұл құры¬лысқа рұқсат алатын кәсіпорын¬дарды жедел тіркеуді, инвесторлардың жеңіл несиеге қол жеткізуін қамтамасыз етеді.

Инфляцияны ауыздықтап,
өсімді қамтамасыз
ету жолдары


– Экономиканы  монетизациялау, дәлірек айтсақ, нақты ақша-ның көп болуы қазіргі кезде ештеңе шешпейді, – деді ол. ¬– Ұзақмерзімді ақша массасын экономикаға тартқан жөн. ¬Сонымен қатар Қ.Көшербаев бұл ақшаны ойсыз жинақ¬тау дегенді де білдірмейтінін атап өтті. «Бұл эмиссия мақсатты, бір-бірі¬мен байланысты болуы ¬керек. Көбей¬ген ақша бюд¬жеттегілерге жал¬ақыға ¬немесе зейнет¬ақыны ұлғай¬туға емес, нақты инвес¬тициялық жоба-ларға жұмсалуы қажет. ¬Сая¬сат¬¬кер¬дің пікірінше, атаулы ақша -эмиссиясы инфля¬¬цияның  ша¬рық¬тауына жол бер¬мейді. Бұл тауар массасын, яғни, ішкі жалпы өнімді ұлғайтады, – деді ол.
Адрестік эмиссияның тиімділігі ¬жайлы айтқан саясаткер форум аясын¬дағы пікір¬таласта нақты жобаларды қолдаудың маңызы туралы да тоқталды.

Әлем жарық
жылдамдығындай өзгеруде


Облыс әкімінің пікірінше, бірде-бір ірі инновациялық жоба үлгілі бас¬қарумен қамтамасыз етілмесе, ¬табысты бола алмайды. Сонымен бірге облыс әкімі технологиялық серпілісті инициативалар мен идеяларды қолдайтын басқару жүйесі ғана жүзеге асыра алатынын атап көрсетті.
– Бұл орайда барынша супер бәсе¬келестік орта қажет. Бәсекелестік күрес жылдар, күндер емес, сағаттармен және минуттармен өлшенуі тиіс. Себебі, әлем жарық жылдамдығындай өзгеруде. Нарыққа теңдессіз жаңа өнімді қоя отырып, ертеңгі күні бәсекелестердің оны бізден көшіріп алуы мүмкін екен¬дігін түсінуіміз керек. Ал бұл бәсе¬келестік басымдықты жоғалтуға соғады. Сондықтан, біздің өнімдерімізді басқа компаниялар көшіріп үлгергенше жа¬ңар¬тып отыруымыз қажет. Дәл қазір жылдамдық көп мәселені шешіп отыр, – деп атап өтті Қ.Көшербаев.
Ж.ӘЛМАХАН.


НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 17 маусым 2017 г. 570 0