ДИАБЕТ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

 ДИАБЕТ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫМедицина қызметкерлерінің кәсіби мере¬кесі қарсаңында облыстық медициналық орта¬лығында Диабет орталығы ашылды.
Орталықтың ашылу салтанатына облыс әкімі¬нің орынбасары Р.Рүстемов, облыстық ден¬саулық сақтау басқармасының ¬орынбасары Н.Мырзағалиева, Асфендияров атындағы ҚазҰМУ эндокринология кафедрасының меңге¬рушісі Ж.Абылайұлы және ҚР диабетологтар ¬ассоциациясы Қызылорда облыстық филиалы¬ның төрайымы С.Тлеулесова қатысты.
Мамандардың айтуынша, эндокринді науқастар арасында қант диабеті 90-95 пайызды құрайды. Халықаралық диабет ассоциациясының есебі бойынша, әлемде 415 млн науқас қант диабетіне шал¬дықса, 2040 жылға дейін 642 миллионнан асады деп болжанған. Бұл науқас «21 ғасырдың обасы» атануда.
Облыста жылына 1000-1200 науқас жаңадан анық¬талады. Мысалы, 2010 жылы облыс бойынша 3863 науқас тіркелсе, 2016 жылы олардың саны 8995-ке жеткен.  Жалпы, аймақта ересектер мен ¬балаларды қосқанда 16 мыңнан астам науқас тіркеуде. Осы орайда жаңадан ашылған диабет орталығының бас¬ты мақсаты – облысы тұрғындарына эндокриндік-диабетологиялық көмекті жетілдіру, халықтың басым бағытын оқыту-үйрету, қант диабетін ерте сатысында анықтау, есепте тұратын науқастарға қо묬жетімді медициналық көмек көрсету. Айта кету керек, мұндай орталық республикада төрт облыста жұмыс жасайды. Бесінші болып біздің өңірімізде ашылып отыр.
Ашылу салтанатының екінші бөлімі ғылыми-тәжі¬ри¬белік конференциямен жалғасты.

Айнұр БАТТАЛОВА,
Бағдат ЕСЖАНОВ (сурет).
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 17 маусым 2017 г. 673 0