Кеше облыс әкімдігінде ҚР Парламенті Сенаты депутаттарын сайлау нау¬қаны¬ның өткізілу барысы мен дауыс беруді ұйым¬дастыру мәселелері тақырында онлайн семинар-кеңес өтті. Оған ҚР Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Бақыт Мелдешов, облыстық, қалалық, аудандық әкім аппараттарының басшылары, барлық деңгейдегі мәслихаттардың ¬хатшылары, аумақтық сайлау комиссияларының мүше¬лері қатысты.
Б.Мелдешов таңдаушы депутаттар¬ды ¬электронды тіркеу, сайлауға халықаралық байқаушылар мен об¬лыс¬тың саяси-қоғамдық бірлестіктерінің қатысу қажет¬¬¬тігін айтты. «Үгіт-насихат жұмыстары заң ¬аясын¬да жүргізіліп жатыр», – ¬деген ол дауыс беру¬ді ұйымдастыру мәсе¬лелерін түсіндірді. ¬Сайлауды әзірлеу мен өткізу жөнін¬дегі іс-шаралардың күнтіз¬белік жос¬парының орындалуы туралы ¬облыс әкімінің аппарат басшысы ¬Марат Делмұханов және облыстық сайлау комис¬сиясының хатшысы Аягөз Сырлыбаева -баяндады.
ҚР Парламенті Сенатының депутат¬тығына ай¬мақ¬¬тан 3 кандидат тіркелді. Канди¬даттардың бәсе¬келестігі республика¬лық көр¬сеткішпен бірдей. 28 маусым күнгі саяси маңызды шарада елі¬міз бойынша 506 сайлау комиссиясы немесе 3542 адам жұмыс істейді.
Семинар-кеңестен соң ҚР Орталық ¬сайлау комис¬сиясының хатшысы сайлау бюллетенін әзір¬лейтін бас¬паның, таң¬даушы¬лар¬дың бірлескен отырысы мен дауыс беруі өткізілетін орынның жай-күйімен танысты.
Н.ҚАЗЫБАЙҚЫЗЫ.