Елбасы Жолдауларында жаңа экономикалық саясаттың өзегі ретінде инфра¬құрылымды дамыту мәселесі айрықша атап көрсетіледі. Оның ішінде жол қатынасының маңыздылығы саланы дамытудың тиімді құралы екендігін дәлелдейді. Алыс-беріс, барыс-келіс жағдайында да жолдың тегіс, көлік¬тер қозғалысына қолайлы болуы ма¬ңызды.
Бүгінде қала көшелерін жөндеуге, күтіп ұстауға, кем-кетігін уақытында жөн¬¬деп отыруға баса мән беріліп, ¬асфальт жамыл-ғысын, құм, қиыршық тас төсеу, қыру-тегістеу жұмыстарын жүргізу қолға алынған. Осыдан бірнеше жыл бұрын жергілікті тұрғындар ойқы-шойқы жолдардың азабын тартушы еді. Ал бүгінде бұл олқылықтардың орны толған. Бұған біз қалалық коммуналдық шаруа¬шылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жол¬дары бөлімінің БАҚ өкілдеріне ¬арнап ұйым-дастырған баспасөз турында көз жеткіздік.
Айта кетейік, былтыр облыстық трансферттен Қорқыт Ата көшесін Қазыбек би көшесінен «Қызылорда-Жезқазған» трассасына дейін күрделі жөндеуден өткізуге 1 426 365 мың теңге қаржы бөлінді. Аталған көшенің жобалық сметалық құжаттарын әзірлеу барысында жол астындағы инфрақұрылымдық желілерге, инженерлік жүйе-лерге зерттеу жұмыстары жүргізіліп, тиісті меке¬мелердің келісімі алынған болатын. Осыған сәйкес жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін асфальт қабатын қазу жұмыстары орын алмайды. Қорқыт Ата көшесі қаланың ең ұзын әрі маңызды көшелерінің бірі болғандықтан, бұл жоба кезең-кезеңімен орындалып, жөндеу жұмыстары аяқталған аралықтар пайдалануға беріліп отырады. Ұзындығы 5,8 шақырымға созылған көшені жөндеу 9 ай мерзімінде аяқталады деп жоспарлануда. Жобада жаяу жүргінші жолы, аялдама, жарық бағаналары және суағар қарастырылған. Ауқымды жобаның бас мердігері – «Автомобиль жолдары басқармасы» ЖШС. Сондай-ақ, таяуда Торайғыров көшесі мен «Қызылорда-Жезқазған» трассасы аралығындағы жөндеу жұмыстары аяқталды, ал Бұқарбай батыр көшесі мен Яссауи көшелеріне асфальт төсеу жұмыстары шілде айының басына дейін созылады.
– Жол – өңірдің инвестициялық келбетін қалыשּׁтастыратын маңызды көрсеткіш, әрі ел¬дің келісті тұрмысының көрінісі. Сондықтан авто¬көлік жолдарын дамытудың экономикалық та, әлеуметтік те мәні зор. Қазіргі таңда Ы.Жахаев пен А.Байтұрсынов көшелері аралығында су құбырын ауыстыру жұмыстары жүруде. Сонымен қатар Жаппасбай батыр мен Торайғыров көшелері аралығындағы жөндеу жұмысы шілде айында аяқталады деп күтілуде. Жаппасбай батыр мен Яссауи көшелері аралығындағы темір жол өткелін жөндеу шілде айында басталмақ. Ал Қорқыт Ата көшесінде жүріп жатқан күрделі жөндеу ағымдағы жылдың қыркүйек айына дейін аяқталады. Жалпы орталықтағы жолдарға жөндеу жүргізгенде шеткі аумақ та назардан тыс қалмайды. Бүгінде бірқатар көше ретке келтіріліп, жолдар тегістеліп, ерекше бір жинақылық байқалады. Ең ¬бастысы, қолайлы, абаттандырылған, ерекше жарық шам¬дар қондырылған, жаңғыртылып қайта асфальт¬талған көшелер молая түсуде, – дейді қалалық коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Талғат Құлмағанбетов.
Расында, автомобиль санының жедел өсуіне, жолаушылар тасымалдау, көліктер қатынасының ұлғая түсуіне байланысты жолдың сапалы болу қажеттілігі басты талаптың біріне айналды.
«Жол қадірін жолаушы біледі» демекші, соңғы кездері ішкі көшелердің бойынан жаяу жүргіншілерге арналған жаяужолдың да көптеп салынып жатқанын көзіміз шалып жүр. Осындай игі істердің барлығы қала көркін одан сайын аша түсері анық.
Мөлдір ҚАЛЫМБЕТ.