ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАР ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ҚОЛЫНАН «ЭКСПО» БИЛЕТІН АЛДЫ

  ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАР ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ҚОЛЫНАН «ЭКСПО» БИЛЕТІН АЛДЫ Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев Президенттік, халықаралық және республикалық пән олимпиадаларының, ғылыми жоба байқауларының жеңімпаздары, дарынды оқушылармен кездесті.
   Облыс әкімі  дарынды балалармен  өңірдің қазіргі дамуы және болашақтағы жоспарлар жайлы емен-жарқын әңгімелесіп, оларға мектепті табысты бітіріп, жоғары білім алып, ата-аналарының үмітін ақтап, елге қызмет етуді тіледі.
 - Соңғы үш жыл көлемінде облыстың 400-ге жуық мектеп бітіруші түлектері Ресей Федерациясындағы Мәскеу Ұлттық технологиялық зерттеу университетінде (МИСиС), К.А.Тимирязев атындағы Ресей мемлекеттік аграрлық университетінде және Санкт-Петербург технологиялық университетінде  білім алу мүмкіндігіне ие болды. Бұл жылы алғаш рет 155 талапкер М.Губкин атындағы Мәскеу мұнай және газ университетінің байқау сынақтарына қатыса алды. 1254 бала «Серпін» бағдарламасы бойынша білім алып жүр, және ауылдық жерде тұратын әлеуметтік қолдауды қажет ететін 500 бала облыс әкімінің грантына ие болды. Мектеп бітірушілердің 95 пайызының жоғарғы оқу орындары мен колледждерде білімдерін жалғастыруға қол жеткізуі 2016 жылғы басты жетістік екендігін ерекше айта кеткен жөн, - деді облыс әкімі.
   Мектеп бітіруші түлектер өңір басшысына көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, болашақтарына қамқорлық танытқаны үшін алғыстарын білдірді. Облыс әкімі жас таланттарды  «Сыр дарыны» медалімен марапаттап, Астана қаласында өтіп жатқан  «Экспо-2017» халықаралық көрмесіне билеттер берді.  

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 18 маусым 2017 г. 713 0