БИЗНЕСТІ ҚОЛДАУ ҚАЗАҚСТАНДЫ ОРТА ТАБЫС ТҰЗАҒЫНАН ҚОРҒАЙДЫ

БИЗНЕСТІ ҚОЛДАУ ҚАЗАҚСТАНДЫ ОРТА ТАБЫС ТҰЗАҒЫНАН ҚОРҒАЙДЫАстана қаласында өтіп жатқан Х экономикалық форум шеңберіндегі  пікірталас барысында Қызылорда облысының басшысы бизнестің   барлық бағытын мемлекеттік қолдаудың маңыздылығын  айтты.
Оның ойынша бұл Қазақстанның орта кіріс қақпанына түспеуіне әсер етеді және үшінші жаңғыру аясында  жаңа экономикалық саясатты іске асыру барысында көмегі көп болмақ.
Бұл ретте Қ.Көшербаев бизнестің дамуына бар жағдайын жасау арқылы бұл қиындықты еңсерген Оңтүстік Кореяның тәжірибесін мысалға келтірді.
Бүкіләлемдік Doing Business банкінің зерттеуі бойынша шағын және орта бизнес компанияларына қолайлы жағдай жасау арқылы Оңтүстік Корея әлем бойынша алғашқы бестікте тұр.  Ал, Қазақстанның рейтингі 35-ші орын.
Сондықтан орташа кіріс тұзағынан шығу шараларының тиімділігін арттыру үшін Қазақстанға және басқа елдерге бизнестің дамуына барлық бағыттар бойынша ықпал ететін мемлекеттік қолдау түрлерін күшейту қажет, - деді Қ.Көшербаев.
Кызылорда ньюс.кз
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 16 маусым 2017 г. 612 0