Франция ЭКСПО-ға электр көліктерінің түр-түрін алып келді

Франция ЭКСПО-ға электр көліктерінің түр-түрін алып келдіҚоршаған орта саласындағы мәселелерді талқылауға арналған ЭКСПО-2017 алаңында Франция павильонының ресми ашылуы өтті.
Үздік француз компаниялары мен стартап өкілдерінің басын қосқан алаңда энергияны үнемді пайдаланудың инновациялық технологиялары таныстырылды.
ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіндегі Франция павильонының бас комиссары Паскаль Лоро энергия өндірісін оңтайландыру бойынша әзірленген павильонның тақырыптық бөлімдерін аралай жүріп, таныстырып шықты.
Қоқыс қалдықтарын жинау және қайта өңдеумен айналысатын Sytcom мемлекеттік агенттігі қоқыстарды сұрыптаудың жаңашыл идеяларын ұсынып отырғанын түсіндірген бас комиссар циркулярлық экономика маңызымен сабақтастырды. 
Франция ЭКСПО-ға электр көліктерінің түр-түрін алып келді– Қазақстан мен Франция саяси, экономикалық, стратегиялық жоспарлар аясында тығыз қарым-қатынаста. ЭКСПО-2017 көрмесі аясында өз павильонымызды таныстырып отырғанымызға өте қуаныштымыз. Атап айтқанда, экоқала, болашақ энергиясы, экологиялық көлік салалары бойынша белгілі француз өнеркәсібінің көшбасшы компаниялары соңғы технологиялық жаңалықтарын ұсынады, – деді Паскаль Лоро.
1955 жылдан бері электр көлігін дамытуды қолға алған PEUGEOT компаниясы көрме қонақтарына жиналмалы самокат, электроскутер, электровелосипед сынды экологиялық көліктердің соңғы жетістіктерін таныстырды.
Қоршаған орта мәселелерін реттеуде маңызды рөл атқаратын Франция соңғы жылдары электр көлігін жаппай қолданысқа енгізуде белсенді жұмыс істеп келеді. 2015 жылғы мәлімет бойынша, Францияда 5 мыңнан астам электр бекеті жұмыс істейді.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 15 маусым 2017 г. 712 0