2017жылғы 10 маусымнан 10 қыркүйек аралығында Астана қаласында өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық мамандырылған көрмесіне барлық келушілер үшін израильдік павильон ашылған.
Израиль инновациялық технологиялар саласындағы көшбасшы болып табылады және ЭКСПО-2017 көрмесінде қуаттың баламалы және қалпына келетін көздері аясындағы өзінің жетістіктері мен әзірлемелерін ұсынады. Бүгінде Израильде 200-ден астам жоғары технологиялық компаниялар бар, олар жасыл, атап айтқанда күн, жел және биомассалық энергетика саласындағы бірегей шешімдерді әзірлеуде.
Израильдік павильонның ЭКСПО-2017 көрмесіндегі тақырыбы кездейсоқ таңдалмаған, себебі ол баламалы энергетика саласындағы әзірлемелер менжетістіктердің мәні мен алуандылығын көрсетеді.
Израиль табиғи байлықтарға бай емес, алайда ең құнсыз қорға немесе қуаттың «көзіне» ие. Бұл, бірінші кезекте, адами қор, оған Израиль елеулі инвестициялар салуда. «Біздің барлық жетістіктеріміз Израильдің адамдарының, олардың жасампаздықтың креативті дағдыларының арқасында мүмкін болды», - деп ЭКСПО-2017 көрмесінде Израиль Комиссары Элазар Коэн атап өтті.
«Біз Израилдің болашағын жасампаздық қуатымен байланыстырамыз және осы саладағы өзіміздің дағдыларымыз бен тәжірибемізбен бөлісуге дайынбыз», - деп Коэн атады.
Павильон мен шоудың сипаттамасы
Израильдік павильонда қонақтар алғашында көретіні – бұл ғимараттың бас қасбетіндегі 12 метрлік аса зор интерактивті светодиодтыLED-экран.
Израильдік павильон 100 адамға дейін қабылдауға есептелген, оларды «Қуат елі» және «Жасампаздық энергиясы» қызықты шоулары күтіп тұр.
Бұл шоу келушілерді баламалық энергетика саласындағы израильдік ноу-хаудың әліміне батырады. Осы шоу өтетін үй-жай 2400 LED-шамдарменжәне аумағы 150 шаршы м. болатын айналармен арнайы жабдықталған және осылайша қонақтарда қуаттың үздіксіз ағынында болу сезімі қалыптасады.
Бұл түйінді шоу – сахнадағы жан толғандыратын соло мен 6-метрлік мөлдір экранға, залдың қабырғаларына бейнеленетін анимация мен бейне кескіндеменің және сахнаның үстінде қалқып тұратын секілді 2-метрлік серпінді LED-сфера арасындағы хореографиялық өзара әрекеттесу болып табылады. Бұл шоуда келушілер жасампаздық энергиясының барлық сиқырын сезінеді. Ол бір адамның өзінің әлемін жасау және маңындағы қоршаған қуатты өзгерте алу қабылетін білдіреді.