СЫРДАН 5349 ОҚУШЫ АРҚАҒА АТТАНАДЫ

СЫРДАН 5349 ОҚУШЫ АРҚАҒА АТТАНАДЫАстана қаласындағы «ЭКСПО-2017» Халықаралық маман-дандырылған көрмесіне облыс аумағынан  5349 оқушы баруы жоспарланған. Оның ішінде 2969 оқушы жергілікті бюджеттен қаралған жалпыға міндетті оқу қоры есебінен жіберілетін болды. Осыған орай, жалпыға міндетті оқу қоры есебінен жіберілетін оқушылар үшін ҚР Мемлекеттік сатып алу туралы 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-Ү Заңының 43-тармағына сәйкес бір көзден алу тәсілімен облыстағы барлық білім беру ұйымдары туристік агенттіктерімен келісім шарт жасалған. 
Нақтырақ айтсақ, Сырдария  – 500, Жалағаш – 500, Жаңақорған – 520 оқушы, аудандық білім беру ұйымдары  тарапынан «САЯТ» туристік агенттігімен келісім-шарт жасалса, Қазалы – 720, Шиелі – 510 оқушы, аудандық білім беру ұйымдары «САМҰРЫҚ» инновациялық идеяларды дамыту орталығы қоғамдық қорымен келісім жұмыстарын жүргізуде. Ал Қармақшы аудандық білім бөлімі – 219 оқушы үшін «СКАЙ-ВЕЙ ТРЕВЕЛ» туристік агент-тігімен келісім жасаған болса, қалған 2380 оқушы ата-аналар есебінен барады. 
«ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесіне баратын 2969 оқушының саяхат уақыты бірнеше күнге созы¬лады. -Саяхат барысында балалар үшін Астана қаласының көрікті, маңызды жерлерін аралап, ЭКСПО-2017 көрмесіне кіру бағдарламасы енгізілген.
Көрмеге облыстан баратын мектеп оқу¬шыларының алғашқы легі (104 бала) 10 маусым күні аттанды. 

Наргиза БЕКТАЙ,
Қорқыт ата атындағы  Қызылорда 
мемлекеттік университетінің студенті.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 15 маусым 2017 г. 668 0