АУЫЛ АУЫЗ СУҒА АЛАҢДАМАЙДЫ

Елбасының тапсырмасына сәйкес, орталық¬тандырылған ауыз су жүйесіне қосылған ауылдық елді мекендер санын 80 пайызға жеткізу межеленген болса, қазіргі таңда облыстағы 260 ауылдық елді мекеннің 194-і осы мүмкіндікке қол жеткізген. 
Нақтырақ айтсақ, бұл көрсеткіш аймақтағы ауылдық елді мекендердің 74 пайызын құрап отыр. Бұл – халықтың 95 пайызы деген сөз. Мұны өңірлік коммуникациялар орталығында  өткен интернет-конференцияда облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Е.Жоламанов және «ҚазСуШар» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының облыстағы өкілі М.Жәмиев баяндады.
Өткен жылы «Нұрлы жол» бағдарламасымен ауыз су жүйелерін жаңғыртуға Сексеуіл, Әйтеке би, Жосалы-2, Тасбөгет елді мекендері бойынша 5 жобаның құрылысы басталып, ағымдағы жылдың аяғында пайдалануға берілетін болады. Ал 2017 жылға осы бағдарламамен 36 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Нәтижесінде, 335 шақырым ауыз су құбыры және 7,7 кәріз жүйесі жаңғыртылатын болады. 
Интернет-конференцияда аталған басқарма басшысының орынбасары Е.Жоламанов онлайн байланысы арқылы қала тұрғындарынан түскен сауалдарға жауап берді.
                                                                                         Ғ.ӘБІЛДА.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 15 маусым 2017 г. 628 0