«Astana open» жобасының медиа орталығына жаңа басшы тағайындалды

«Astana open» жобасының медиа орталығына жаңа басшы тағайындалдыБас прокуратура мен Астана әкімдігінің кешенді жоспары «Елордадағы қауіпсіздік пен жайлылық» аясында жүзеге асырылып жатқан «Astana open» жобасының медиа орталығына жаңа басшы болып Айым Болтаева тағайындалды. 
Бұл туралы жобаның қоғамдық жетекшісі Мұрат Әбенов әлеуметтік желіде хабарлады.
Мұрат Әбеновтің хабарлауынша, Айым Болтаева - Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің түлегі, «Astana open» жобасының медиа орталығының мақсаты - азаматтар мен барлық мүдделі тараптардың өмір сапасын жақсарту бойынша бірлескен шараларды талқылауға және жүзеге асыруға қызығушылық ояту және кері байланысты ұйымдастыру.
«Елордадағы қауіпсіздік пен жайлылық» жоспары қала тұрғындары мен қонақтарының жайлы өмір сүруі үшін қауіпсіздік стандарттарын көтеру мақсатында құрылған. Құжатта 172 шара мен «Қауіпсіздік» және «Жайлылық» атты екі бөлім бар. Бірінші бөлімге қоғамдық қауіпсіздікпен қамтамасыз ету, төтенше жағдайлардың болуына жол бермеу және салдарына дайын болу, экономикалық қауіпсіздік енеді. Екінші бөлімде көрсетілетін қызметтің, өмір сапасының көңілден шығуы және туристік жайлылық қарастырылады.
Жобаны жүзеге асыру үлгілерінің бірі - америкалық «911» қызметінің баламасы болып табылатын ситуациялық орталық. Электр беруді тоқтатса, көршіңіз өз көлігін автотұраққа дұрыс қоймаса, құбыр жарылса немесе көшедегі жанжалды көрген астаналық тұрғын енді сансыз инстанцияларға хабарласып әуре болмайды. Жай ғана ситуациялық орталықтың 109 нөмірін терсе болғаны.
Астаналық диспетчерлік қызмет бір ай бұрын құрылған және қалалықтар арасында кең танымалдылықақ ие болып үлгерген. Ситуациялық орталықта шамамен барлық мемлекеттік органдардың өкілдері бар және олар қызметтің барынша тиімділігін қамтамасыз ететін болады.
Сондай-ақ, Астанада елорда қонақтарына арналған барлық қажетті ақпараттарды хабарлауға бағытталған бірыңғай туристік ақпараттық сall-центр іске қосылды. Қызметтің басты артықшылығы туристердің хабарына барынша жылдам жауап беру және Астана әкімдігінің сиуациялық орталығымен ынтымақтастығы болмақ. Осылайша, қала қонақтары ҚР барлық операторларынан 8 800 080 38 38 еөміріне тегін хабарласа алады.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 12 маусым 2017 г. 562 0