ТҮРКИЯНЫҢ ҰЛТТЫҚ ПАВИЛЬОНЫ АШЫЛДЫ

ТҮРКИЯНЫҢ ҰЛТТЫҚ ПАВИЛЬОНЫ АШЫЛДЫБүгін Астанадағы ЭКСПО аумағында Түркияның ұлттық павильоны ашылды. Түбі бір түрік бауырлар халықаралық көрмеге толайым тартумен келген екен.
Ғимараттың жалпы аумағы 1000 шаршы метрді құрайды. Бауырлас елдің өкілдері барлық келушіні «Жаһандық синергия» тақырыбында әзірленген экспозициямен таңғалдыруды көздейді. Мұнда Түркиядағы барлық минерал көрсетіліп, баламалы энергия саласындағы жаңа технологиялар көпшілікке ұсынылады.
Түркия елінің павильоны «Кел және өз қуатыңды тап» атауымен өз келушілерін қабылдайды. Аталған елдегі технологиясының соңғы жаңалықтарымен танысуға келушілер қатары аз болған жоқ. Мұндағы ерекшеліктерді бір сөзбен айтып шығу әсте мүмкін емес. Себебі, павильонның ішіне енсең өзіңді теңіздің үстінде келе жатқандай сезінеді екенсің. Су диірмені көздің жауын алады. Сондай-ақ, мұнда жылу камералары орналасқан. Камераны бассаңыз, адам жылуы арқылы экранға өзіңіздің сұлбаңыз шығады.
Ақмарал Олжабаева
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 11 маусым 2017 г. 636 0