10 маусым – біздің еліміз үшін ерекше күн. ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі аясында жер-жаһанның 14 мемлекетінен келген өкілдер өз павильондарын ашып, көпшілікті қабылдай бастады.
Алғашқылар қатарында Үндістан елі өз технологиясын тәмам жұртқа таныстырды. Аталған павильонның мақсаты – энергияны пайдаланудағы ең озық тәжірибені қолдану ісі мен көміртегіні аз шығаратын өмір салтын ұстану. Оларда басты концепциялық тақырып ретінде күн таңдалып отыр. Өйткені, үнділер ғаламшардың болашақ энергиясы міндетті түрде кіршіксіз энергияның қайнар көзі – күнмен байланысты болу керек деп есептейді. Сондықтан олар өмірлік энергия мен болашақты байланыстырды.
Сондай-ақ, павильонда 4000 жылдан астам уақытты қамтитын осы елдің мәдени мұралары көрсетіліп, әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрі айқын көрініс тапқан. Әсіресе, келушілерді үнді елініғ көздің жауын алатын әшекей бұйымдары қызықтырды.
Ақмарал Олжабаева