«Астана ЭКСПО – 2017» халықаралық көрмесінде Тайландтың қазба байлыққа тәуелділіктен арылу бағытында ноу-хауы жұрт назарын аударды. «Биоэнергия барлығы үшін» концепциясы аясындағы ұсыныстар қоршаған ортаны қорғау идеясымен астасып жатыр.
«Ресурсты тиімді пайдалану – болашақтың кепілі. Біз табиғат байлығын өзімізден кейінгілер үшін де қалдыруға тиіспіз. Сондықтан осы бағытта Тайланд королі Пхумипон Адульядеттің бастамасымен біраз шаруалар қолға алынды», - дейді павильон менеджері Нарит Бунсатип.
Павильон белгілікөктеп келе жатқан ағашты көз алдыңызға әкелетін Т әрпі. Тайланд таңғажайыбы осыдан бастау алады.
Көрме залында «Біздің өміріміз бен құндылықтарымыз» атты фотосуреттер қатары қойылған. Бұлтай мәдениетін тереңірек сезінуге мүмкіндік береді.