EXPO көрмесінің арқасында Астана туристік хабқа айналады. Саяхатшыларды әдемі табиғатымен қатар қаладағы көркі ерекше ғимараттар қызықтырады.
Бұл – әлемнің бетке ұстар архитекторларының туындылары. Бұл туралы The Diplomat мақаласында жазылған. Халықаралық қатынастар және геосаяси үрдістерге мамандырылған Азия-Тынық мұхит аймағының жетекші басылымы Қазақстан әлемдік сахнадағы белсенділігін жоғары бағалап отыр. EXPO көрмесін өткізуі және БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінде мүшелік етуі республиканың рөлін нығайта түседі.