ЭКСПО-2017: Халық қай павильондарға көп барып жүр

ЭКСПО-2017: Халық қай павильондарға көп барып жүрЭКСПО-2017 көрмесінің алғашқы күні аяқталуға жақын. Дегенмен, кейбір павильондарда адамдардың ұзынсонар кезектері әлі де бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Көрмеге келіп жатқан адамдардың басым бөлігі алдымен Шар-Сферда орналасқан Қазақстан павильонын көруге асығады. Себебі ол жерде баламалы энергетика саласындағы озық тәжірибе ғана емес, үздік теxнологиялар да бар. Одан кейін xалық Оңтүстік Корея мен Қытайдың павильондарымен танысып шығуға тырысады. Себебі кешкі уақытқа қарамастан, аталған екі павильонда адамдардың ұзын-сонар кезегі әлі де бар. Әсіресе, Оңтүстік Кореяның жетістіктерін көргісі келетін xалықтың қарасы көп. Сондай-ақ Германия мен Монакода елінің павильондарында адам кезегі байқалады.
Айта кетейік, бүгін ҚазАқпарат тілшілері Қазақстан павильонын үш сағат бойы аралады.  Сондай-ақ, Мажарстан, Ресей, Түрікменстан, Түркия, Австрия, АҚШ және тағы басқа елдерлің павильондарында болды. Жалпы, ЭКСПО көрмесімен толық танысып шығу үшін кемінде 4 тәулік уақыт керек. 

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 10 маусым 2017 г. 509 0