Сарапшылардың пікірінше, Бүкіләлемдік әмбебап EXPO көрмелері – бұл жаһандық маңызы бар оқиға, ал туристік ұтымдылығы бойынша әлемдегі ең тарал¬ған спорттық жарыстармен тепе-тең. Ал көрме тарихы туралы не айтуға болады?
1851 жылы принц Альберттің ұсы¬нысы бойынша Лондон қаласында бірінші Бүкіләлемдік өнеркәсіптік көрме өткізілді. EXPO көрмелері әлем елдері¬нің экономикалық, ғылыми, технологиялық және мәдени жетістіктерімен танысуға тамаша мүмкіндік беретін оқиға ретінде кеңінен танылды және тарихи тәжірибе айнасы, инновациялық идеялармен алмасу, бірігу мен келешекке деген ұжымдық көзқарасты танытатын шара болды. Одан бері 161 жыл өтсе де, EXPO көр¬ме¬лері өз маңыз-ды¬лығы мен мәртебе¬сін жоғалтқан жоқ. Керісінше әлемдегі ең беделді көрме алаңы бо¬лып та¬былады. EXPO көрмелерін миллиондаған туристер келіп көреді, сондықтан әр ел ұлттық мәдениет ерек¬шелігі мен өз экономикалық, технологиялық даму деңгейін әлемге танытатын бірегей павильонын жа¬сауға ұмтылады. Осының нәтижесінде келушілер павильондардың ғажайып сәулеттік бейнесімен бірге ең жаңа ғылыми жетістіктер негізінде жасалған экс¬понаттарды көруге мүм¬кіндік алады.
Қазақстан 1997 жылдан бастап Ха¬лықаралық көрмелер бюросына мүше ел болып енді және ЕХРО көр¬мелеріне 2005 жылдан бастап қа¬ты¬сып келеді. Испанияның Сарагоса ЕХРО-2008 көрмесінің қорытын¬ды¬сы бойынша «C» категориялы 104 қବтысушы ел ішінде, біздің еліміздің павильоны сыртқы және ішкі рәсім¬деу өлшемдері бойынша қола медаль¬мен марапат¬талды. Шанхай (ҚХР) қаласындағы EXPO-2010 көрмесінде Қазақстан па¬вильонын жарты мил¬лион¬¬нан ас¬там адам келіп көрді. Қа¬зақстан Кореяда, Есу қаласына өткен EXPO-2012 көрме¬сінде жалпы ауданы 774 шаршы метр павильонда өз экспо¬зицияларын көп¬ші¬ліктің назарына ұсынды.
Ұсынылып отырған 2017 жылы ха¬лықаралық «EXPO» көрмесі Аста¬нада 3 айға – 2017 жылдың 10 мау¬сымы¬нан 10 қыр¬күйегіне дейін созылады. Көрмеге әлемнің 100-ден аса елі мен 10-нан астам ха¬лық¬ара¬лық ұйым қатысады, көр¬меге 5 мил¬лион адам келеді деп күті¬лу¬де. Бұл Қа¬зақстанның халықаралық деңгейде алға жылжуында ¬үл¬кен қа¬дам болмақ. EXPO-2017 өткі¬зу елор¬да¬ның да, тұтас респуб¬ликаның да эко¬номикалық және инфрақұрылымдық дамуы үшін қо¬сымша ынталандыру болады. Аста¬на¬дағы және оның ¬ма¬ңын¬дағы кіші және шағын биз¬нес, ең алдымен қыз¬мет көрсету саласы, қо-нақ үй бизнесі мен ішкі туризм дамуға елеулі дүмпу алады. Бұл шара көрме нысандары мен астананың инфрақұ¬рылымын са¬лу¬ға жеке ивестицияның елеулі көлемін тартуға мүмкіндік бе¬реді. Көрме әлемді қазақстандықтар¬дың көпұлтты мәде-ниетімен, көне та¬рихымен, өнерімен, дәстүр¬лері мен қонақжай мінезімен таныстырды, Қа¬зақстанның әлемдік қоғамдастықтағы танымалдылығы мен тартымдылығын жоғарылатады.
Елорданың мәдени дамуы да ма¬ңыз¬ды іс. EXPO өткізу кезінде Астана қа¬ласы дүниенің әр бұ¬рышынан кел¬ген әр түрлі мәде¬ниет үндеріне то¬ла¬ды. Күн сайын көрме аумағында кон¬церт¬тер, шоу, Ұлттық Күндер және басқа ойын-сауық шаралары өтетін болады.
Туристер мен көрмеге қатысу¬шы¬¬лардың көп саны оларға қызмет көр¬сетуші жеке қызметтердің бел¬сенді дамуына жол ашады. Өйт¬кені ке¬лу¬шілерге тұратын орын, сапалы тамақ, аудар¬машылар, экскурсиялар мен ойын-сауық қажет болады. Сондықтан қосымша жұмыс орындары мен табыс табу мүмкіндіктері пайда болады.
Кіші және орта бизнес иелері үшін Астанадағы EXPO-2017 көр¬месін өт¬кізу жаңа энергия сақтағыш техно¬логиялармен танысуға және кейіннен оларды енгізуге, инвес¬торлар мен биз¬несті одан әрі да¬мытуға идеялар іздеуге тамаша мүмкіндік бола алады.
Студенттар мен жоғары сынып оқу¬шылары үшін бұл көрме өзге тіл¬дерді үйренудегі тіл жаттықтыруға, жетекші әлемдік ғылыми мектеп¬тер¬мен танысып, бұдан бы¬лайғы кәсіби өсу үшін идеялар табу мүмкіндіктерін бермек.
Қысқасы, EXPO-ның Қазақстан¬ға берері мол.
Дайындаған
Ж.ӘЛМАХАН.