Нартай Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрының ұжымы Ақтөбе облысында гастрольдік сапармен болып қайтты. Әлемдік классика мен қазақ халық жазушыларының шығармаларына бай театр репертуарындағы Ерсайын Төлеубайдың «Абай» трагедиясын, Жабал Ерғалиевтың «Құлпытастың көз жасы» психологиялық драмасын, Сәкен Жүнісовтың «Қысылғаннан қыз болдық» музыкалық комедиясын, Әлімбек Оразбековтың «Бір түп алма ағашы» драмасын және балаларға арналған Сая Қасымбектің «Қиял қуған Зукөжек» қойылымдарын ақтөбеліктер назарына ұсынды.
Гастрольдік сапардың мақсаты – алпысжылдық тарихы бар театр¬дың жеткен жетістіктерін, нәтижелерін қойылымдар арқылы көрсету. Сондай-ақ Т.Ахтанов атын¬дағы театр ¬ұжымы¬мен шығармашылық тәжірибе алмасу және қазақ жазушы¬лары¬ның шығарма¬ларын жас көрер¬менге дәріптеу, насихаттау еді.
Ұжымды театрдың көркемдік жетекшісі, Қазақ¬станның еңбек сіңірген қай¬раткері Әмір-Темір Хұсейн, бас суретші, Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері Серік Пірмахан, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Бақытбек Алпысбай секілді өнер майталмандары бастап барды. Сонымен қатар, театрдың жастар труппасы түгел қатысыпты.
Алдымен, Ерсайын Төлеубайдың «Абай» трагедиясымен ашылды. Х.Әмір-Темірдің режиссерлігімен бұл спектакль қазақ сахнасында 1940 жылдан бері қойылып келе жатқан жаттанды үлгіден мүлде бөлек, жаңа көріністе қойылды. Мұнда ұлы ақынның алпысқа қараған шағында өз ортасынан орын таппай, ауыр ой арқалап, іштей егілген кезін суреттейді.
Абай бейнесі – үлкен сынақ. Нақтырақ айтсақ, ұлттық, халықтық сынақ. Себебі, Абай бейнесі біздің елдігімізді, рухымызды көрсетеді. Сондықтан, Абай бейнесін сомдау актер үшін өз бойындағы барын, яғни асылы мен тұнығын ашып көрсету болып табылады. Осы орайда өзінің түр-тұлғасы, дене-бітімі арқылы Абай образын дөп басқан артист Бақытбек Темірбеков кейіпкер болмысын одан әрі шарықтата түсті. Ол Абайдың жасанды суреті емес, өмірдегі Абайдың дәл өзін сомдады.
Кез келген қойылымдағы басты кейіпкердің шынайы¬лығы оның айналасындағы сахналық әріптестеріне байланысты. Сондықтан Абайдың қилы тағдырын көрерменге сол қалпында жеткізу үшін Оспан, Әйгерім, Мағауия, Ділдә секілді образдардың әсері мол. Ал, артистер З.Төлепова, Б.Ошақбаев, А.Көшімбаев, Қ.Айтжановалар Абай бейнесінің тұңғиығына, оның тағдырына етене араласып, спектакльдің тұтастығын, арналық сипатын одан әрі кеңейте түсті. Ұлы Абай туралы аталмыш қойылымды ақтөбелік көрермендер жоғары деңгейде қабылдап, зор қошемет пен ыстық ықыластарын білдірді.
Тауахи театрының үлкен залы Сыр театрының салиқалы қойылымдарын асыға күткен көрермендерге толы. Жабал Ерғалиевтың «Құлпытастың көз жасы» психологиялық драмасына да солай болды.
Шымылдық ашылғанда белгілі бір өмірлік тартыс өтетін сахналық декорациялар мен тұтас сахналық киім спектакльдің иірімді оқиғасынан хабар бергендей. Дәл солай. Спектакль үш кейіпкердің тартысқа толы толқынды тағдырлары арқылы бүгінгі заманның мансапқорлары мен қара¬пайым бейкүнә жан¬дар¬дың шарасыздығы мен арпалысы тора¬бында өрбиді. Театрдағы шығар¬машылық шабыты сарқылмаған Б.Ал¬пысбай, Қ.Айтжанова, Ұ.Бай¬мବханов, жас ар¬тис¬¬¬тер А.Оразалиев, О.Аманов¬тар¬¬дың ойыны ар¬қылы спектакль көрер¬мен¬нің кө¬ңі¬лі¬нен шықты.
Театр көрермендерді әдемі әзілі мен жеңіл оқи¬ғаға толы С.Жүнісовтың «Қы¬сылғаннан қыз бол¬дық» му¬зы¬калық комедиясымен де қуантты. Онда әр¬тістер Қ.Архабаев, А.Төлеуова, Е.Асанов, О.Аманов, А.Оразалиев, С.Бейсен¬әлиев, М.Кенжалы, А.Дүйсен¬қызы секілді жастар труппасының мүшелері өнер көрсетті. Спектакль тізгіні К.Әбжанова, Б.Бот¬баев, А.Артықбаева секілді аға буын артистері ұста¬са, орта буынның белді артистері З.Көздібаева, Қ.Айтжановалардың кәсіби сахналық өнері мен шыңдалған шабыттары шығарманың идеясын одан әрі ашуға септігін тигізді. Жалындап тұрған сахналық екпін мен мол ізденістерге толы режиссер Қ.Қасымов сахналаған жаңа бағыттағы бұл қойылым көрермендер залына жиналған студент жастарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Ә.Оразбековтың «Бір түп алма ағашы» драмасы іс-сапардың соңғы күнінде ұсынылды. Туған ауыл, өзі өскен шаңыраққа деген әрбір адамның парызын қайта оралтып, көп ойларға жетелейді. Ауылда мүгедек баласымен қалған ана мен қалада тұратын балалардың кереғар тірліктері жаныңды күйзелтіп, көңіліңді мұңға бөлейді. Психологиялық драманың мәні әрбір көрерменге туған ел мен туған жермен қатар, туған шаңырақ пен ата-ананың алдындағы перзенттік парыздың бар екенін паш етеді. Ал, Сая Қасымбектің «Қиял қуған Зукөжек» спектаклімен ақтөбелік бүлдіршіндерді де баурап алды. Балаларға арналған бұл қойылымда кішкене көжектің басынан кешкен қызықты оқиғаларына куә боламыз. Қиялдауды жақсы көретін көжекпен бірге джунгли орманына саяхаттаймыз. Алайда, туған жерге ештеңе жетпейтініне көзіміз жетеді. Қойылым балаларды отансүйгіштік пен еңбекқорлыққа, үлкенді сыйлауға тәрбиелейді.
Жарқын көңіл-күй сыйлап, үлкен тебіреністерге толы, мағыналы ойға жетелеген Сыр театрының шығар¬машылық ұжымының бұл сапары ақтөбеліктердің жоғары бағасына ие болды.
Ұлбосын ҚЫЛЫШБАЕВА,
театрдың әдебиет бөлімінің меңгерушісі,
театртанушы.