АЛДЫН АЛСА ҚАУІП ҚҰРЫҚТАЛАДЫ

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы жедел вирусты, табиғи ошақты зоонозды ауруы. Екі толқынды қызбаны мінездейді, жалпы интоксикация¬мен тромбогеморрагиялық қызбалық синдроммен жүреді. Ауру көбінесе маусымдық мезгілдерде пайда болады. Инфекция көзі көбінесе кененің шаққан жері, яғни тері немесе майда жарақаттар, ауру адаммен қарым-қатынас кезінде қан арқылы беріледі. Инфекциямен зақымдалған жерде ешқандай өзгерістер байқалмайды. Вирус қанға өтеді және ретикоэндотелиальды жүйенің клеткаларында жинақталады. Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының асқынулары себебінен сепсис, өкпенің ісінуі, ошақты пневмония, созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі, отит, тромбофлебит пайда болуы мүмкін. Дене температурасы тез көтеріледі. Бастапқы кезеңдердің өзінде жалпылама интоксикация белгілерін байқауға болады. Инкубационды кезеңнің ұзақтығы 14 күн аралығы.
Облыс бойынша Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының ошақтарында санитарлық-індетке қарсы профилактикалық іс-шараларға 2010 жылдан бері жергілікті бюджеттен тұрақты түрде қаржы бөлініп келеді. Биылғы жылы облыс бойынша 117 елді мекен Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруына қолайсыз боп тіркелді. Қазіргі таңда залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде. Облыс әкімінің өкіміне сәйкес, салааралық мәлімет алмасу, бірлесіп тығыз қарым-қатынаста жұмысты үйлестіру мақсатында Конго-Қырым  геморрагиялық қызбасы табиғи ошақ¬тарында қала, аудан әкімдері мен облыстық қоғам¬дық денсаулық сақтау департаменті, ветери¬на¬риялық, медициналық қызметтердің, тө¬тен¬ше жағдайлар қыз-мет¬терінің және обаға қарсы күрес станциясы мен Ұлттық сараптама орталығының облыс бойынша филиал мамандарымен бірлесіп облыстық, қалалық, аудандық деңгейлерде штаб құрылды. 
Сондай-ақ, клиникасы, емдеу, алдын алу, кенеден сақтану шаралары, аурудың зардаптары жайлы халық арасында кеңінен насихаттау жұмыстары жүргізілуде. Кенеге қарсы уақ мал басын ванналарда тоғытуға байланысты жұмыстар 2013 жылдан бері жүргізіліп келеді. Бүгінгі таңда облыста 91 мал тоғыту ванналары жұмыс жасап тұр. Оның ішінде 59-ы жергілікті бюджет есебінен, 32-сі жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтарының қаражатына салынған. Нақты кезеңде уақ малдарды ваннаға тоғыту, яғни профилактикалық іс-шаралар жүргізілуде. Аурудың алдын алу мақсатында мал иелері ветеринариялық дәріханалардан өз қаржыларына кенеге қарсы (ивермектин, ивен, ципэк, креолин Х), т.б. препараттарды пайдалануда. Сонымен қатар, елді мекендерде қоралар мен аулалар  дер кезінде  механикалық-санитарлық тазаланып (көң, қи) кенеге қарсы көктемгі залалсыздандыру жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде.
Табиғат аясына шыққанда қауіпсіздік ереже¬лерін сақтап жүрген абзал. 
Кене шаққан жағдайда уақыт өткізбей шұғыл түрде медициналық емханаға қаралу қажет.

Облыстық ветеринария басқармасы.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 06 маусым 2017 г. 529 0