Аптаның бейсенбі-жұма күндері облыс әкімдігінің және Қорқыт ата атындағы мемлекеттік университеттің қолдауымен жазушы-журналист, М.Шоқай атындағы сыйлықтың иегері, екі мәрте «Жалын» жабық бәйгесінің жүлдегері Қази Данабаевты еске алу шаралары өтті.
Қазақ көркемсөз өнерінің кенін қазып, оқырманға кемел ойлы жазу¬шылығымен танылған талант, Сыр елінің баспасөз саласында салмақты із қалдырған саңлақ журналист Қази Данабаевтың есімі ел аузында құрметпен аталады.
Еңбек жолын туған жері Арал ауданы Қарақұм ауылында -мектеп мұғалімі болып бастаған ол берірек келе облыстық радиохабарларын тарату компаниясында аға редактор, 1989 жылдан өмірінің соңына дейін облыстық «Сыр бойы» газетін¬де бөлім меңгерушісі, бас редак¬тордың кеңесшісі қызметтерін ат¬қарды. Жазушының «Гүлдәурен», «Шоңтөбе. Шотай. Балдәурен», «Қыран қия» кітап¬тары оқырманынан лайықты бағасын алды.
Қазидың қаламымен жазылған мақалалар мен сараптамалар Сыр еліндегі өзекті мәселерді өткір тілмен қозғап, олардың шешімін табуына үнемі септігін тигізіп отырды. Ол өзінің соңынан ерген жас журналис¬терге сөзімен ақылшы, мінезімен қам¬қоршы ағаға айналған ерекше болмыс иесі еді.
«Бір жаным – бар қазақтың сада¬ға¬сы» деп аталатын Қорқыт ата атындағы университеттің Студенттер сарайында өткен Қази Данабаевтың шығармашылығына арналған кеш осы тақы¬рыптарды ойлы, сыршыл суреткерлікпен жеткізді.
Оңталап Нұрмаханов режиссерлік ететін Жастар театрының әртістері ақынның рухты өлең¬дерінен сахна көріністерін жасап, Қазиды білетін жұрттың көзін жасқа шылады. Осы көрініс арқылы Қази Данабаевтың тұлғалық бейнесі сомдалды.
Еске алу кешін облыстық мәсли¬хат¬тың хатшысы Наурызбай Бай¬қадамов ашып, облыс әкімінің арнайы хатын оқып берді.
Қазақстан Жазушылар одағы атынан келген «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы Жұма¬бай Шаштайұлы, қазақтың бард әншісі Т.Досымов атындағы қоғамдық қор төрағасы Бижан Қалмағанбетов, мемлекет қай¬раткері Ж.Тәшеновтың келіні ¬Фатима Жұмабеккеліні жазу¬шының жақсы қасиеттеріне бағыштап сөз арнады.
Дарынды дәстүрлі әнші Елмұра Жаңабергенова бірнеше жыр мақам¬дарын төгіп, жиналғандардың жүр嬬гін¬дегі сағыныш сезімін сәуле¬лен¬дірді.
Қорқыт ата атындағы универ¬си¬теттің ¬ректоры Қылыш¬бай Бисенов қазақ¬тың қабыр¬ғалы азаматы¬ның іздеушісі бол¬ған жазушы-ның баласы Нұрлан Соңғыбайұлына ал¬ғыс білдіріп, оған әке жолын тіледі. Ал, профессор Бағдат Кәрбозов қаламгердің қол¬таңбасы жайындағы ғылыми тұжырымдарын айтып өтті.
Ардагер Сәпен Аңсатов Қазидың ешкімге ұқса¬май¬тын қасиеттерін ұрпаққа үлгі қылатын адамилығы деп атап, оның патриоттығы мен батылдығына, дара болмысына баса тоқталды.
Кездесуде ¬ледэкраннан жазу¬шы жайлы деректі кино¬таспа үзінділері көрсе¬тілді. Кеш соңында Қ.Дана¬баевтың туған апасы Бибі-гүл, інісі Көлбай, ұлы Нұрлан көп¬шілікке алғыс білдіріп, ¬сонау Қарақұмнан келген ақсақалдар ішінен Жази Бертілеуов ақ батасын берді.
Тағылымды шараның екінші күні Қызыл¬орда ¬қаласының «Сыр сүлейлері» шағын ауданы¬нан жазушы-журналист Қази Дана-баевтың атына көше беріліп, ең¬се¬лі үй қабырғасына орныққан ескерткіш-тақтаның желегі түсі¬рілді.
Бұл салтанатты қала әкімінің ¬орынбасары Ш.Бай¬манов ашып берді. Ол өз сөзінде көше тұрғын¬дарын көшенің жаңа атауымен құттықтап, «Қайы¬рым¬дылық айы қарсаңында дарынды Сыр перзенті Қази Данабаевтың рух ұлағатын дәріптеп өтіп отырған игі шараның шапағаты ұрпағымыздың тәліміне айналсын» деген тілек білдірді. Сонымен бірге, қызылордалық азамат, ақынның рухани ағасы Сағат Жүсіпов сөз сөйлеп, Қази Данабаев халыққа жазуымен ғана емес, нақты ісімен де ¬кө¬¬мегін тигізе білген, ақи¬қаттың бетіне тура қарай алатын нағыз азамат болды деген баға берді.
Өз сөзінің кезегінде Арал ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев -жазушы Қази Дана¬баевтың атын ¬жерлес есебінде ғана емес, қазақ руханиятының тұлғасы есебінде мақ¬таныш тұтатынын, оның бейнесін ел жадында қалдыруға ар¬налған шаралар Арал ауданында да өз жалғасын табатынын айтты.
Жазушының інісі Көлбай Данабаев рухани жаң¬ғыру тұсында еліміздің өз ардақтыларын ұлықтаған мұн¬дай іс-шаралардың көптеп өтіп жатқанын, әйтсе де, оған қолдау біл¬діре¬тін, жақсы істі өнегеге айналдыратын аза¬мат¬тардың болатынын атады. Осы шараға атса-лысқан барлық азаматтарға рахметін білдірді.
Келесі кезектегі шығармашылық кеш «Болашақ» университетінің бас ғимаратында өткізілді. Кеште сөз сөйлеген қоғам қайрат¬кері, руханиятшыл азамат Бақберген ¬Досман¬бетов жазушы Қазидың қаламгерлік шебер¬лігін, азамат есебіндегі тұлғасын еске алды. Студенттер Қази ақынның сөздің сөлін тамызған жыр жолдарын оқыды, замандастары естелік айтысты.
Осы күні қала орталығында Қази Данабаевтың рухына бағышталған ас берілді.
Д.АЯШҰЛЫ.
Н.НҰРЖАУБАЙ (сурет).