Жаз. Бұл мезгілде мектеп оқушылары демалысқа шығып, бос уақытын бірі – үйде, бірі – ауылда, енді бірі – лагерьлерде өткізеді. Еліміз бойынша олардың демалыс маусымын лагерьлерде жоғары деңгейде ұйымдастыру ісі басталып кетті. Біздің облыста да 1 маусым – Балаларды қорғау мерекесіне орай бірнеше тынығу орны есігін айқара ашады. Солардың қатарында Сырдария аудандық білім бөліміне қарасты "Жалын” жазғы лагері бар.
Өз жұмысын 1988 жылдан бастаған нысанда биыл 7 ¬ауысымда 910 бала демалады деп жоспарлануда. Оның 500-ден астамы әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар қатарынан. Лагерьде тыңғылықты демалыс өткізу үшін көптеген қызықты шаралар ұйымдастырылады. Олардың қатарында түрлі спартакиадалар, әскери-патриоттық ойындар мен әркелкі байқаулар бар. Бірнеше өнер үйірмелері ашылып, жұмысын жалғастырмақ. Бұған біз БАҚ өкілдеріне арнап ұйымдастырылған баспасөз турында көз жеткіздік.
Мұнда жатын үй, қыз¬меттік және дәрі¬герлік пункт, 130 орындық асхана үздіксіз жұмыс істейді. Себебі, лагерьде қыс бойы мектеп бітіруші түлектер Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайын¬дығын пысықтаса, ¬жазда нысан тынығу және сауықтыру шараларына кіріседі. Демалушыларға ұсынылатын тағамдар сани¬тарлық қауіпсіздік талаптары¬на сәйкес қа¬таң тексеріледі. Сондай-ақ, бала¬лардың денсаулығын нығайту мәселе¬сі медицина қызметкерлерінің бақы¬лауында болады.
– Терең білімді өрендер мен спортта оза шауып, олжа салған оқушылар біздің лагерьде талабын ұштайды. Жазғы демалыс биыл 4 бағытты қамтымақ. Пәндік бейімге қарай демалуға да мүкіндік бар. Мәселен, алғашқы ауысым "Қызықты математика”, екіншісі "Ағылшын әлемінде” деп аталады. Ал ұлы Абайдың, өткір тілді Махамбет пен жүрек тебірентер Мұқағалидың өлеңдерін сүйіп оқитындар үшін "Ғұламалар тағылымы” ауысымы жұмыс істейді. Мұндағы мақсат – балаларға әдемі демалыс сыйлап ғана қоймай, оларды шығармашылық тұрғыда дамыту, білімін шыңдау, – дейді лагерь директоры Мейірімхан Момбаева.
Айта кетейік, аталған тынығу лагері тип¬тік негізде орналастырылған. Бүгінде тынығу орнының алаңына толық жөндеу жүргізіліп, қауіп¬сіздігі сақталған жағажай салынды. "Еңбек” мекемесінің мердігерлігімен ¬ауызсу және кәріз жүйелері қайта жаңғыртудан өткен. "Қымбат және К”, "Шаған жер”, "Жамбыл-2030” ЖШС секілді демеушілер де бала¬лардың демалысын есте қаларлықтай етіп өткізуі үшін барын салып, игілікті істердің басы-қасынан табылуда. Қорыта айтқанда, "Жалында” жазғы демалысты тиім¬ді өткізуге болады. Өйткені, нысанның демалушыларды қабылдауға деген дайын¬дығы сақадай сай.
Мөлдір ҚАЛЫМБЕТ.