ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМ АРАЛҒА ӘЛЕМ НАЗАРЫН АУДАРАДЫ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМ АРАЛҒА ӘЛЕМ НАЗАРЫН АУДАРАДЫБүгін «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының тікелей эфирінде өткен «Әкім сағаты» хабарында облыс әкімі Қырымбек Көшербаев аймақтың тыныс-тіршілігі мен алдағы жоба-жоспарлар жайлы тарата айтты.
Аймақ басшысы хабарда осы айдың аяғында Арал қаласында өтетін халықаралық форумға да тоқтала кетті.  
- Соңғы жылдары Арал экологиясына тиісті орындар тарапынан жеткілікті көңіл бөлнбей келеді. Осыған орай біздің ҚР Президенті Әкімшілігіне жасаған ұсынысымыз негізінде Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өткізіліп, бұл бағытта біраз мәселенің шешімі айтылды. Соның бірі 30-31 мамыр күндері Арал қаласында өтетін халықаралық форум.
Мысалы, тартылған Аралдың табанынан ұшқан тұз Антрактидаға жетіп отыр. Мына жанымыздағы Байқоңырдың да экологиялық зардабы әлі толық зерттелген жоқ. Осының бәрі өңірдің тұрақты дамуына да кедергісін тигізіп отыр. Форумға шақырылған тиісті халықаралық ұйымдар өкілдері алдында осы мәселені айтып, ортақ мәселе жөнінде ойласамыз. Және жыл сайын өңірде осы форумды өткіземіз деген ойымыз бар. Бұл шара аймақтың әлеуметтік, экологиялық проблемасын шешуге өз үлесін қосады деп ойлаймыз, – деді облыс әкімі
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 мамыр 2017 г. 997 0