Бірер күнде 8 мектеп ашылады

Бірер күнде 8 мектеп ашыладыОблыста апатты жағдайдағы мектептер мәселесін шешу жұмыстары жүйелі жүргізілуде. Мəселен, осыдан төрт жыл бұрын мұндай білім ошақтарының саны 37 болған. Бұл туралы облыс әкімі Қырымбек Көшербаев "Қазақстан-Қызылорда" телеарнасында тікелей эфирдегі "Әкім сағаты" бағдарламасында айтты.
Оның ішінде 25 мектеп 2013-2015 жылдар аралығында жаңаланды. Қалған 12 мектептің 8-і бірер күн ішінде ашылады. Төрт білім ұясының құрылысы тамыз айында тəмамдалмақ. Осылайша облыста апатты мектеп мəселесі түбегейлі шешіледі. Сонымен қатар, ауылдағы мектептердің материалдық базасын нығайтып, инновациялық технологиялармен қамту жəне мұғалімдердің біліктілігін арттыруға баса мəн беріледі.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 мамыр 2017 г. 477 0