МЕМЛЕКЕТТІК ЖЕКЕШЕЛІК ӘРІПТЕСТІК бүгінгі экономикалық саясаттың басым бағыттарының бірі

МЕМЛЕКЕТТІК  ЖЕКЕШЕЛІК ӘРІПТЕСТІК  бүгінгі экономикалық саясаттың басым бағыттарының біріКөптеген мемлекеттердің экономикасында мемлекет пен жеке бизнестің өзара қарым-қатынасының жаңа формасы – мемлекет пен жекеменшік әріптестік кең қанат жайып келеді. Ол әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыруға жеке кәсіпкерлік нысандарын тартудың тиімді механизмі болып табылады. Қазақстанның бүгінгі экономикасы саясатындағы өзекті мәселенің бірі – мемлекет пен жекенің байланысына ықпал ететін және ол процесстерді тиімді түрде жеделдетіп МЖӘ дамыту болып отыр. 
Аймақтың жалпы инвестициялық қабілетін арттыру мақсатында және МЖӘ жобаларын әзірлеуде кеңес беру үшін облыс әкімдігінің 2016 жылғы 4 шілдедегі №517 қаулысына сәйкес «Қызылорда облысының аумақтық мемлекеттік жекеменшік әріптестік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрылды. Серіктестіктің негізгі мақсаты – мемлекеттік жекеменшік әріптестік жобаларын  консультативтік сүйемелдеу, жергілікті бюджеттік инвестициалық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу қызметтерін көрсету болып табылады. 
Облыс әкімдігінің осы жылғы 28 ақпандағы №725 қаулысына сәйкес биылғы жылы облыста мемлекеттік жекешелік әріптестік арқылы 11 жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Атап айтсақ, денсаулық сақтау басқармасы бойынша 5 жоба жүзеге асырылады. Олар – Қызылорда қаласы Тасбөгет кентінде 250 қабылдауға арналған емхана және 4 ауылдық округтен – Арал ауданы Бекбауыл, Сырдария ауданы Ақжарма, Қазалы ауданы Өркендеу, Шиелі ауданы Жөлек ауылдық округтеріндегі дәрігерлік амбулаторияның құрылыстары. Ал дене шынықтыру және спорт басқармасы бойынша 3 жоба жоспарланған. Олар Тасбөгет кентіндегі және Қармақшы ауданы Ақай ауылдық округінде 2 дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы және Қызылорда қаласы «Мерей» мөлтек ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешенін жалға алу қызметі.
Бұған қоса мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы бойынша жоба, яғни Жаңақорған ауданы  Өзкент ауылдық округінде 150 орындық  ауылдық клубтың құрылысын жүргізу жоспарға енгізілген. Қызылорда қаласының ішкі істер басқармасының Ақсай  полиция бөлімі ғимаратының құрылысы ішкі істер департаменті бойынша жүзеге асырылатын бір жоба болып саналады. Сол секілді, Қызылорда қаласы көшелерін жарықтандыру энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы бойынша жоспарланған. 
«Қызылорда облысының аумақтық мемлекеттік жеке-меншік әріптестік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі белгіленген кестеге сәйкес ұсынылған мемлекеттік жекешелік әріптестік жобалар бойынша тиісті жұмыстар жүргізеді.
Аймақтық орталық өз жұмысында, инфрақұрылымы мен халықтың өмір сүру жүйесін  дамыту үшін  облыстың экономикасына инвестиция тартуға және мемлекет пен жеке әріптестік арасында тиімді қатынас орнатуға жағдай жасалуына аса назар аударады.
Мемлекеттік жекешелік әріптестік жобаларын қарау барысында басты назар мемлекет пен жекешелік, қоғам үшін де тиімді басымдылықтарға аударылады. Мысалы мемлекет үшін бұл басымдықтарға бюджет қаражатын үнемдеу қосымша ресурстар (қаржылық, материалдық және басқарушылық) алу, көрсетілетін қызметтер мен тауарлардың сапасы мен көлемін арттыру жатады. Сонымен қатар, жаңа жұмыс орындарын құру және бұрынғы жұмыс орындарын сақтау, жобаны іске асыруда уақытты үнемдеу, көпшілік міндеттердің шешімін жылдамдату секілді тиімділіктер жоспары бекітілді. Жеке әріптестік үшін нарықтық кеңістікті кеңейту, жобаларды жүзеге асыру барысында  мемлекеттің кепілдігімен жеңілдетілген несие алу мүмкіндігі, бюджет қаражатын тарту, салынған инвестицияның қайту кепілдігі сияқты жақсы тұстары жетерлік. Ал қоғам үшін жақсы жақтары, сапалы тауарлар мен қызметтер ұсынылуы деп айтсақ болады.
Барлық  мемлекеттік жекешелік әріптестік жобаларға қатысқысы келген ынта білдіруші тұлғалардың келесі мекен жайға хабарласуын сұраймыз. Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі, 28 үй. («Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасы» ғимараты, 4 қабат, байланыс телефоны 26-27-18, 26-27-19). «Қызылорда облысының аумақтық мемлекеттік жекеменшік әріптестік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.


Мақсат ЕЛАМАН,
«Қызылорда облысының аумақтық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» ЖШС директоры.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 22 мамыр 2017 г. 889 0