Облыстық коммуникациялар орталы¬ғында жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы А.Алдажаров Елбасы Жолдауынан туындайтын міндеттер бойынша салада атқарылған жұ¬мыстар туралы бұқа¬ралық ақпарат құралдарының өкілдеріне брифинг өткізді.
Биыл «2017-2021 жылдарға арналған нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының жүзеге асырылуына 3,7 млрд теңге бөлінді. Бағдарламаға 3308 адам қатысады.
Жаңа бағдарламаның бірінші бағыты ¬бйын¬ша оған қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен, қысқамерзімді кәсіптік оқу¬¬мен қамтамасыз ету көздел¬ген. Оның ішінде еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау, яғни 1515 адамды оқыту жоспарланған. Жұмысшы кадрларды еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер және дағдылар бойынша қысқамерзімді кәсіптік оқытумен 1315 адам қамтылмақ. Қазір қысқамерзімдік курстарды ұйымдастыратын оқу орындары мен мамандықтар тізбесі бекітіліп, оқу курстары 10 мамырдан басталды.
Екінші бағыт бойынша жаппай кәсіпкерлікті дамыту межесі тұр. Ол бойынша бағдарламаға қатысушыларды «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіз-деріне оқытуға 937 адам белгіленген. Ауылдағы және қаладағы кәсіпкерлік бастамаларды қолдау, 487 адамға шағын несие беру үшін 2,2 млрд теңге қаралды. Микрокредиттер ауылдық жерлерге 1,7 млрд. теңге, қалада 210 млн теңге таратылады. Несие алушылар 18 млн теңгеге дейінгі қаржыға қол жеткізетін болады.
Үшінші бағыт – халықты жұмыспен қамтуға жәр¬дем¬десу арқылы еңбек нарығын дамыту және еңбек ресурс¬тарының ұтқырлығын арттыруға негізделген. Жұмыс¬сыздарды және өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдарды жұмыспен қамта-масыз етуге жәрдемдесу үшін 1410 адам жастар тәжірибесімен, әлеуметтік жұмыс орындарына жолданады. Осы бағыт бойынша еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру, жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай цифрлық алаң құру жүзеге асырылмақ.
Әлеуметтік жұмыс орындарына 490 адам, ¬жас¬тар тәжірибесіне 905 адам, нақты 403 ¬мекеме, кәсіпорындарға 712 адам жолданды. Қоғамдық жұмыс¬тармен 2737 жұмыссыз қамтылды. Биыл ¬облыс халқын жұмыспен қамтуға ықпал жасау жөнінде кешен¬ді жоспар қабылданды. Жоспар бойынша бекітілген шараларға 32884 жұмыссыз, өз бетінше жұмыспен қамтылғандар тартылатын болады.
Облыс бойынша жергілікті бюджеттен 51798 аз қам¬тамасыз етілген азаматқа 501,2 млн теңге¬ге әлеуметтік көмек және балаларға арналған жәрдемақы төленді. Сондай-ақ, 413 адам¬ға 5,2 млн теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып төленді. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көмек алушылардың саны 158 адамға азайды.
Тұрғын үй көмегі 7020 отбасына 183 млн теңге төленді. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда тұрғын үй көмегін алатындардың саны 240 отбасына азайды. Балалар жәрдемақысы 44365 балаға 312,9 млн теңге төленді. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жәр¬дем¬ақы алушылардың саны 2679 балаға азайды.
Аз қамтамасыз етілген азаматтарға әлеуметтік келісім-шарт негізінде шартты ақшалай көмек (ШАК) көрсетуге бюджеттен 145,3 млн теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен 86,3 млн теңге қаралған.
Есепті кезеңге 2137 адамға (367 ¬отбасы) 47,6 млн теңгеге шартты ақшалай көмек таға¬йындалып, 1730 адамға 29 млн теңге көмек тө¬ленді. Шартты ақшалай көмектің орташа айлық мөлшері 5731 теңгені құрады.
Жоба аясында әлеуметтік келісім-шарт негі¬зінде ШАК алушылардың қатарындағы 432 еңбекке жарамды жұмыссыз азаматтардың бар¬лығы, яғни 226 адам тұрақты жұмысқа, 200 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға, 5 адам жастар тәжірибесінен өтуге, 1 адам әлеуметтік жұмыс орнына жіберілді.
Аймақтағы мүгедектердің орталықтан¬ды¬рыл¬ған деректер қорына сәйкес 28477 мүге¬дек тіркелген. Әлеу¬меттік қызметкерлер 836 жалғызбасты қартқа, 1327 мүмкіндігі шектеу¬лі балаға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетті. Мүгедектерге арналған 3332 жеке оңалту бағдарламасы даярланып, өткен жыл¬дың есебінен ауыспалы 6773 жеке оңалту бағдарламасы орындалды.
Жұмыспен қамту орталықтары арқылы 201 мүмкін¬дігі шектеулі адам, оның ішінде 70 адам тұрақты жұмыспен, 13 мүгедек әлеуметтік жұмыс орындарымен қамтылды, 22-сі жастар тәжірибесіне жіберілді, 96 мүгедек қоғамдық жұмыстарға тартылды.
Брифинг соңында А.Алдажаров журналис¬тердің сұрақтарына жауап берді.
М.МЕРЕЙ.