ӘСЕЛДІҢ – АЛТЫНЫ, НАЗЕРКЕНІҢ – КҮМІСІ

ӘСЕЛДІҢ – АЛТЫНЫ, НАЗЕРКЕНІҢ – КҮМІСІСейсенбі күні облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Румынияның Яссы қаласында шахматтан оқушылар арасында өткен Әлем чемпионатының жеңімпазы Әсел Серікбай мен күміс жүлдегер Назерке Нұрғалиді қабылдады. Ел намысын қорғаған өрендерді жеңістерімен құттықтап, сый көрсетті.
– Әлемдік бәсекеде қызылордалық қос шахматшы жеңімпаз атанып, еліміздің мерейін өсірді. Бұл – Сыр өңірі үшін үлкен абырой. Шах¬мат интеллектуалдық спорт түріне жатады. Мұнда математика да, философия да үйлесім тапқан. Осындай ойды қозғайтын қиын спортты меңгеремін деген өрендерге қашан да қолдау білдіреміз. Жүлдегер атанған жас шахматшыларға алдағы жарыстарда сәттілік тілейміз, – деді аймақ басшысы.
Кездесу барысында спортшылар мен жаттықтырушысына сый-сияпат жасалды. Өз ке¬зегінде олар да облыстағы спортқа деген жанашырлық үшін алғыс біл¬дірді.
Айта кету керек, Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы сапындағы 33 спортшының ішінен тек жерлестеріміз ғана жүлдегер атанды. Қазіргі таңда олар №1 облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдердің олимпиадалық резерв мектебінде тәлім алады. Енді алдағы уақытта Уругвай, Италия, Үндістан елдерінде өтетін әлем чемпионаттары мен жасөс¬пірімдер олимпиадасына дайындалмақ.

М.ЖАСҰЛАНҰЛЫ,
Б.ЕСЖАНОВ (сурет).

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 18 мамыр 2017 г. 607 0