БАНКПЕН БАЙЛАНЫС НЫҒАЯДЫ

БАНКПЕН БАЙЛАНЫС НЫҒАЯДЫБейсенбіде облыс әкімі Қырымбек Көшербаев «ForteBank» АҚ басқарма төрағасы Мағжан Әуезов бастаған делегациямен кездесіп, екіжақты ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.
– Еліміздегі, сондай-ақ, Орта Азиядағы іргелі банктердің бірі «ForteBank» делегациясының Сыр еліне келгеніне қуаныштымыз. Бұл кездесу әріптестігімізді одан әрі нығайтады деп сенеміз. Бәрімізге белгілі, банк ел экономикасының дамуына елеулі үлес қосып келеді. Әсіресе, бизнесті, оның ішінде шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жолында ауқымды жұмыстарды жүзеге асырды. Аймағымыз қазіргі таңда дамудың жаңа сатысына қадам басты.  «ForteBank»-пен арадағы әріптестік өңір экономикасының одан әрі өрістеуіне жол ашатынына сенім мол, - деді аймақ басшысы жүздесуде.
Өз кезегінде «ForteBank» АҚ басқарма төрағасы Мағжан Әуезов аймақ басшысына ризашылығын жеткізді.
– Банктің облыстағы филиалына жаңа ғимарат салуды қолға алудамыз. Қолдау көрсеткендеріңіз үшін алғысым шексіз. Қазіргі таңда банктің облыстағы филиалының 28 мыңнан аса пайдаланушысы бар. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін 4 млрд теңгеден астам несие берілді. Жаңа «Hitech» стиліндегі ғимарат халыққа қызмет көрсету көкжиегін одан әрі арттырады деп ойлаймыз, – деді Мағжан Мұратұлы.
Кездесу соңында екіжақты ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.

Нағымжан САУЯЕВ.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 13 мамыр 2017 г. 584 0