“АЙБЫНДАҒЫ” ЖАУЫНГЕР

"Айбын» Президенттік полкі» 0112 әскери бөлімінің командирі Т.Сәрсекеевтен облыс әкімі Қырымбек Көшербаев¬тың атына ризашылық хаты келіп түсті. Хат мәтіні төмен¬дегідей:
«Құрметті Қырымбек Елеуұлы! Қазақстан Республикасы Мемле¬кеттік күзет қызметі объек¬тілерді қорғау қызметі «Айбын» Президенттік полкі 0112 әскери бөлімінің жеке құрамы Қазақстан Рес¬публикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының қауіпсіздігін тікелей қор¬ғайтын және Қазақстан Қарулы Күштерінің алдыңғы қатарлы әскери құрылымы болып табылады. Әр мемлекет үшін сыртқы қорғаныс пен ішкі қауіпсіздік өте маңызды. Әлемде болып жатқан лаңкестік жағдайлар біздің де еліміздің қауіпсіздігін күшейтуді талап етеді. Елбасымыздың да нақты тапсырмасы жыл сайын әскер қатарына шақырылатын Отан қорғаушыларды сапалы тәрбиелеп, жүректеріне Отанға деген асыл сезімді орнату болып отыр. Осы мақсатта,  Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі көктемгі және күзгі шақырылымның үміткерлерін бірінші болып іріктеп, Қазақстан Республикасының халқы мен Президентіне адал қызмет атқаратын ер-жігіттерді «Айбын» Президенттік полкі 0112 әскери бөлімінің қатарына жасақтайды. 
Әр облыстан ерекше іріктеуден өткен сарбаздар бүгінде «Айбын» Президенттік полкі 0112 әскери бөлімінде Отан алдындағы әскери борыштарын адал атқаруда. Адалдығымен және үлгілі әскери тәртібімен, жауынгерлік даярлық сабақтарын үздік меңгеріп жүрген озат сарбаздар бар.
Солардың бірі – Сіздердің жерлестеріңіз, қатардағы жауынгер Жалғасбек Азаматұлы Тұрмахан біздің әскери бөлімге келген күннен бастап өзінің Отан алдындағы қасиетті борышын абыроймен атқарып келе жатқанын қуанышпен хабарлаймыз.
Жалғасбек өзінің әскери қызметінің алғашқы күндерінен бастап, әскери өмірдің қыры мен сырын үйренуге үлкен ынта білдіріп, Отанға деген жоғары патриоттық сезімімен қарулас достарына үлгі-өнеге бола білді. Өзіне жүктелген мін¬деттерді атқару кезінде тек жақсы жағынан көрініп жүр. Бөліміміздің жастар бас¬тамашылық орталы¬ғы¬¬¬ның белсенді мү¬шесі. Ұйы쬬дастырушылық қабі¬леті жоғары. Мерекелік және әскери-патриоттық іс-шବра¬ларды сапалы ұйым¬дас¬тырып, өзінің коман-дирлеріне таптырмас көмекші болып жүр. 
Жауынгерлік қызметті абыроймен атқарғаны үшін бөлім командирінің бұйрығымен марапатталып, ата-ана¬сына «Алғыс хат» жолданған. Қызметте қол жеткізген жетістіктері мен үлгілі әскери тәртібі үшін рота және батальон командирлерінен бірнеше марапаттары бар.
Жалғасбектің осындай жетістіктерге қол жеткізуінің себебі ең алдымен отбасындағы алған өнегелі тәрбиесі, мектеп ұжымының және білім алған оқу ордасының берген сапалы тәлім-тәрбиесінің нәтижесі, сондай-ақ жергілікті Қорғаныс істері жөніндегі департамент қызметкерлерінің іріктеу жұмысын ыждаһаттылықпен өткізуінде.
Сіздерге осындай сарбазды өсіріп-тәрбиелеп, Отан қорғаушылар қатарына жібергендеріңізге алғысымызды білдіреміз».

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 06 мамыр 2017 г. 617 0