ДІН – ТҰРАҚТЫЛЫҚ ДІҢГЕГІ

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын болашақтың тізгінін ұстар ¬жастар арасында насихаттаудың маңызы ерекше.
Осының бір айғағы, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті «Философия және мәдениеттану» кафедрасының университет деңгейіндегі діни-танымдық «РУХАНИЯТ» клубының ұйымдастыруымен ¬«Рухани жаңғыру және деструктивті діни ағымдардың идеологиясы» тақырыбында «дөңгелек үстел» болып өтті. Онда бүгінгі қоғамның өзекті мәселесіне айналып отырған дәстүрлі емес діни ағымдар туралы сөз қозғалып, көптеген ¬жастарымыз көкейлерінде жүрген -сауалдарына жау¬ап алды. Шараны «Философия және мәдениеттану» кафедрасының оқытушысы ¬Ә.Жаппасбаев жүргізді.
Жиында  кіріспе сөз кезегін алған «Философия және мәдениеттану» кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының кандидаты Оңғар Бермаханұлы таяуда ғана алғашқы жұмысын бастаған діни-танымдық «РУХАНИЯТ» клубы¬ның бастамасына сәттілік тілеп, оның алдына қойған мақсаты жайлы айтып өтті.
– Дәл қазіргі қоғамда дін мәсе¬лесінің ықпалы ерекше. Жасыратыны жоқ, базбіреулер үшін бұл адам¬зат баласының тағдырын ше¬ше¬тін саясаттың құралына айна¬лып отыр. Сондықтан біздің мақ¬сатымыз – жастарды дінаралық және мәдениетаралық диалогқа, ынты¬мақтастық пен төзімділік рухына тәрбиелеу. Әрине, біз құқық¬тық зайырлы елде өмір сүріп жатқан соң, қай дінді ұстану әркімнің өз қалауы. Дегенмен, ұлт қауіпсіздігі, ел тыныштығы, ұлтаралық қарым-қатынас мәселесі біз үшін басты ұстаным болуы тиіс,- деді О.Бермаханұлы.
Шараның мақ¬сатына сай жоғарыда аталған кафедра оқытушысы, дінтанушы Фэриде Камалова «Рухани жаңғыру және деструктивті діни ағымдардың идеологиясы» тақырыбында баяндама жасады. 
– Елбасымыз рухани жаңғыруды мемлекеттік саясат ретінде алға тартып отыр. Ал мемлекеттік саясаттың рухани тұсын қарастыратын болсақ, міндетті түрде дін жайында сөз қозғаймыз. Себебі, дін де біздің рухани құндылықтарымыздың бірі. Қазіргі таңда жалпы қоғамда діни ахуал өзекті мәселелердің бірі¬¬не айналғаны жасырын емес. Атап айтсақ, деструктивті діни ағымдардың қарқынды идеоло-гиясының нәтижесі діни экстремизм мен терроризм болып жалғасын табуда. 
Егер дер кезінде алдын алмасақ, деструктивті діни ағымдардың идеологиясы жастарымызды діни экстремизмнің қармауына тү¬сі¬ре¬ді. Біздің көпұлтты және көпкон¬фессиялы қоғамымызда діни экс¬тре¬мизмнің қауіпіне немқұрайлы қарауға болмайтынын уақыт өзі дәлелдеп келеді. Олардың теріс ықпалы сон¬ша¬лықты, жастар ¬арасында өзі ұстанған жолдағылардан басқа мұсылмандармен, туған-туыс-та¬ры¬мен, тіпті әке-шешесімен қарым-қатынастарын үзу¬ге дейін алып бару тәсілін де қолданады. Нәтижесінде, жанына жақын адамдарынан қол үзіп қал¬ған жастар оңай басқарылып, экстремистік, лаңкестік мақсатта қол¬данылатын дайын «тірі өнімге» айналады. 
Сондықтан Мемлекет басшысы айтқандай, біз өзіміздің ұлттық кодымыз арқылы жат пиғылды әрекеттерді қабылдамай, рухани күш-қуатымызбен қарсы тұра білуіміз қажет, – дейді баяндамашы Ф.Камалова.
Бұдан әрі «дөңгелек үсте»л басында қызу пікірталас туып, студент жастар ой-пікірлерін ортаға салды. Айталық, дін жолындағы қыз балалардың хиджап кию мәселесі қызу талқыланды. Тақырып төңі¬регінде облыстық ішкі саясат бас-қармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ директоры Бақытжан Камалов, осы мекеменің мониторинг және талдау бөлімінің меңгерушісі, әлеуметтанушы Жадыра Жүсіп, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің наиб имамы Бақыт Ұлжаевтар жауап берді. Әрқилы пікірлер ортаға салынды. Дегенмен, қорытынды пікір айтушылар  «хиджап» сөзінің түпкі мән-мағынасы жайлы кең ауқымда түсіндіріп, бұл араб халқының киім үлгісі екені, жалпы дін жолындағы әйел затына дәл осылай киіну тән емес екені айтылды. Сондай-ақ, Елбасының өзі атап көрсеткендей, «қара жамылу» қазақтың табиғатына, болмысына жат деген тұжырым жиынға қатысушы жастар арасында қолдау тапты. 
Шара барысында жастар тара¬пынан қойылған сауалдар төңірегінде сала мамандары жан-жақты жауап берді. Сондай-ақ, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаментінің бөлім басшысы И.Абулхайыров, университеттің оқу-тәрбие жұмыс¬тары жөніндегі бөлім басшысы Ж.Базартай  жиында талқыланған тақы¬рып төңірегінде тұжырымды пікір-лерін айтты.
«Дөңгелек үстел» пікірталасын «Философия және мәдениеттану» кафе¬драсының меңгерушісі О.Бер¬маханов қорытындылады.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 06 мамыр 2017 г. 617 0