Қызылорда облыстық прокуратурасының ұйымдастырумен Байқоңыр қа¬ла¬сының прокуроры Манарбек Ерназаров БАҚ өкілдеріне арнап бас¬пасөз мәслихатын өткізді.
Манарбек Мақсұтбекұлы халықпен ұдайы кездесу мен жеке қабылдауды күн-де¬лікті өткізуден басталатынын айтты. «Көбісіне прокуратураның құзыретіне жатпайтын арыздармен тиісті органдарға немесе тікелей сотқа шағымданудың тиімділігін түсіндіреміз. Азаматтарға бірден ауызша жауап беріп, уақыт үнемдеуге жол ашамыз, – дейді.
Жалпы Байқоңыр прокуратурасы қадаға¬лау қызметін жүйелі мәселелерге және тұрғындар сенімін арттыруға бағыттайды. Соның нәтижесінде жеке қабылдау 3 есеге артып, прокуратураға түскен арыздар саны 20 пайызға азайған. Осылайша тұрғындар уақыт создырып жүрмейді, әрі құқықтық сауаттылығы артып, уәкілетті органдардың жауаптылығы күшейтілсе, прокуратураның ауқымды әрі жүйелі мәселемен айналысуға мүмкіндігі көбейді.
Прокуратураның қолға алған жобала¬рының бірі – «Қылмыспен күресте өзгеше тәсілдер: халық сенімін арттыру» жобасы. Байқоңыр қаласы, Төретам мен Ақайда қауіпсіз өмір сүрудің қолайлы жағдайын жасауды көздейтін жоба аясында құқық органдарының азаматтарды қылмыстық процеске негізсіз тартуды болдырмауды, оларды ретсіз шақыртуды тоқтатқан. Сонымен қатар, құқықтық статистиканы ¬шынайы қалыптастырып,тайм-менедж¬мент қағи¬дବсын ұстанып, аз уақыттың ішін¬де елеулі жетістіктерге жеткен.
Мәселен, өткен жылдың осы кезеңінде 723 хабарламаның әрбір 3-сі (265) тіркелсе, биыл олардың саны екі есеге азайған. Ақтау негізімен тоқтатылған істер саны да 44 пайызға төмендеген. Яғни, қылмыс белгілері айқын ғана хабарламалардың тіркелуі жолға қойылды.
Жалпы тергеушілер 1 қылмыстық іс бойынша кем дегенде күніне 7 сағат уақытын жо¬ғалтатынын ескерсек, прокуратура тер¬геуді дер шағында шешудің жаңа жолын ұсынып, уақыт үнемдеуді қолға алды.
Бұрындары Байқоңырдағы ¬Ресей органдарынан жолданған құжаттар номен-клатураға немесе ЕРДР-ге тіркеуді шешу мүмкіндігі бола тұра, тұрғындар қайта шақыртылатын еді. Жаңа жобада полицияға жеткізілетін адамдардың саны 6 ¬есеге төмендеген. «Өткен жылы 600-ге жуық, биыл небәрі 118 адам шақыртылған. Осылайша тергеу органдарын тиімсіз жұмыстан босатып, негізгі қызметті маңызды сала¬ларға жұмылдырдық», – дейді қала прокуроры.
Осы жобаларды «Тұрғындар пікірін айқындау» атты әлеуметтік сараптама бойынша халық талқысына салған жергілікті қоғамдық бірлестіктер қорытындысында, басқа органдармен салыстырғанда прокуратура бірінші кезекке шығып, сенім деңгейі жоғары екені белгілі болды.
Байқоңыр прокуратурасының кезекті «Алимент. Төлемеуге 30 қадам» атты жобасы сәтті жүзеге асып келеді. Атап айтсақ, прокуратура 230 баланың 35 млн теңге алиментін өндіріп, құқығы мен мүддесін қорғады.
Жергілікті уәкілетті және мүдделі мем¬лекеттік органдармен, сонымен қатар, -Ресей Федерациясының Байқоңыр қаласында орналасқан мекемелерімен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасау нәтижесінде ¬бірқ¬атар оң нәтижелерге қол жеткізілген. Жоба ¬бойынша қасақана алимент төлемегендерге қатысты құқықтық және процессуалдық ықпал ету ғана емес, оларды жұмыспен қамтамасыз ету, құқықтары мен міндеттерін түсіндіру, әкімшілік және қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамдар туралы жеткізу жұмыстары жүргізіліп келеді. Нәтижесінде, 2017 жылдың 3 айында 38 борышкер жұмыспен қамтылса, 11-і жұмыссыз ретінде тіркеліп, оның 4-і өкінішке орай ұсынылған жұмыс орындарынан себептермен бас тартқанын атап өтті.
Көрсетілген адамдарға қатысты ҚР ҚК-нің 139-бабымен сотқа дейінгі тергеу басталса, 2-і сотқа жолданды. Қалған қылмыстық істер Байқоңыр қаласындағы ҚР ІІМ өкілдігімен тергелуде. Ал 19 борышкер ӘҚБтК-нің 669-бабымен әкімшілік жауаптылыққа тартылып, оның ішінде 13-і тұтқынға алынса, қалғандарына жеңіл-дететін мән-жайларына қарай әкімшілік айыппұл салынған. Сонымен, барлығы 230 баланың 38 256 233 теңгеге 133 атқару¬шылық құжаты аяқталған.
– Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жал¬ғасады, ал нәтижесі апта сайын қала¬лық прокуратураның ведомствоаралық жиын¬ында талқылануда, – деді Байқоңыр қала-сының прокуроры Манарбек Ерназаров.
Нұрбек ДӘУРЕНБЕКОВ.
Байқоңыр қаласы.