СЫРДАРИЯ АРНАЛАРЫНЫҢ СУ ТАСҚЫНЫ ЫҚТИМАЛ АУМАҚТАРЫН ТЕКСЕРДІ

СЫРДАРИЯ АРНАЛАРЫНЫҢ СУ ТАСҚЫНЫ ЫҚТИМАЛ АУМАҚТАРЫН ТЕКСЕРДІ Демалыс күндері Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев пен Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің төрағасы Ислам Әбішев Жаңақорған, Шиелі, Сырдария, Жалағаш және Қармақшы аудандарын аралап, Сырдария өзені жағалауының су тасқыны қаупі төніп тұрған аумақтарын тікұшақпен бақылады.
Жауапты мекеме басшыларымен бірге олар Шиелі ауданындағы үрлемелі тоспаны, Сырдария ауданындағы жаңа көпірді көріп, Қармақшы ауданы Жаңажол ауылдық округінің аумағындағы атқарылып жатқан жұмыс барысымен танысты. 
- Биылғы жылы қаңтар мен сәуір айларын қоса есептегенде  Шардара су қоймасына 13 млрд. текше метр су келді. Дәл осындай үлкен мөлшердегі су  Сырдария өзенінде соңғы рет 1969 жылы болған. 2-16 мамыр аралығында жауын-шашын мол болады деп болжануда. Демек, соның әсерінен судың көлемі тағы да ұлғаюы мүмкін. Оның үстіне Қаратаудың басындағы қар әлі ери қойған жоқ. Өзен арналарының барлық қауіпті тұстарына  жауапты тұлғалар қойылып, кезекшілік орнатылды. Онымен қоса тұрғындардың өздері де ауызбіршілік танытып, жағалау аумағына нығайту жұмыстарын жүргізуде. Егер өзен арнасы тағы да көтерілетіндей  жағдай туындаса аса ірі көлемдегі суды босату туралы көршілес Өзбекстан мемлекетімен келіссөздер жүргізіп жатырмыз,- деді Ислам Әбішев.
Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевтың айтуынша, Сыр елінің диқандары судан тапшылық көріп отырғаннан кейін су көлемінің ұлғайғанына әрине қуанады. Алайда, елді мекендердің 85 пайызы Сырдарияның бойында  орналасқан. Онда халқымыздың 93 пайызы тұрады. 
-Бүгінде 56 елді мекенге, 357 мың тұрғынға, 84 мың баспанаға, шаруа қожалықтарындағы 247 мың мал басына қауіп төніп тұр. Сондықтан осы қауіптің алдын алу үшін Ауыл шаруашылығы министрлігі, Су ресурстары комитетімен, Төтенше жағдайлар комитетімен, шаруашылық басшыларымен және жергілікті кәсіпкерлермен бірлесе отырып, қауіптің алдын алу жұмыстарын жұмыла жүргізіп жатырмыз. Сонымен бірге өткен аптада   Үкіметте  Шиелі ауданында сыйымдылығы 600 млн. текше метрлік Күміскеткен су қоймасын салу жобасын тағы бір мәрте талқыладық. Бұл жоба  су тасқынының алдын алуға, сондай-ақ су тапшылығын болдырмауға мүмкіндік  береді. 15-20 мамырға дейін төтенше жағдайлар режимінде жұмыс істеп, қауіпсіздік шараларын жоспарлаған кестеге сәйкес жүргізетін боламыз,- деді Қырымбек Көшербаев. 
 
СЫРДАРИЯ АРНАЛАРЫНЫҢ СУ ТАСҚЫНЫ ЫҚТИМАЛ АУМАҚТАРЫН ТЕКСЕРДІ
СЫРДАРИЯ АРНАЛАРЫНЫҢ СУ ТАСҚЫНЫ ЫҚТИМАЛ АУМАҚТАРЫН ТЕКСЕРДІ
СЫРДАРИЯ АРНАЛАРЫНЫҢ СУ ТАСҚЫНЫ ЫҚТИМАЛ АУМАҚТАРЫН ТЕКСЕРДІ
СЫРДАРИЯ АРНАЛАРЫНЫҢ СУ ТАСҚЫНЫ ЫҚТИМАЛ АУМАҚТАРЫН ТЕКСЕРДІ

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 02 мамыр 2017 г. 1 281 0