Облыс әкімінің құттықтауы

Облыс әкімінің құттықтауыОблыс әкімінің құттықтауыҚадірлі жерлестер!
Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен  шын жүректен құттықтаймын!
Халқымыздың «Ырыс алды – ынтымақ» деген қанатты сөзінің астарында үлкен мән бар. Ел бірлігі, достық пен бауырмалдық, бейбіт күннің, татулықтың темірқазығындай ең басты құндылық – бекем бірлік біздің баға жетпес байлығымыз болып табылады.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, «Қазірде қазақ елі – өзіндік бет-бейнесі бар, өзіндік ерекшеліктері мен ұстанымы бар, берекесі мен бірлігі жарасқан табысты мемлекет». Біз – бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ жолына жұмылған қуатты елміз.
Еліміздегі қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміздің экономикасы өркендеп, әлеумет ілгері басып келеді. Қоғамда тұрақтылық пен тыныштықтың сақталуы елімізде демократиялық мемлекет құруға және алға өрлеуге зор ықпал етуде. Елбасының көреген саясатының арқасында бүгінде 130-дан астам ұлт өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп, бірліктің жарқын үлгісін көрсетіп келеді.
Құрметті қызылордалықтар!
Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық – біздің бас¬ты байлығымыз. Бұл жетістіктерді бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету әрбір Қазақстан азаматының міндеті болып табылады. Туған жердің төсінде, құшағын жайған бейбіт елдің ішінде ел бірлігін сақтауға атсалысайық!
Бірлік мерекесі қарсаңында Сіздерге бақыт, зор денсаулық, еңбектеріңізге табыс тілеймін. Бейбіт өмірдің берекесі, халқымыздың ынтымақ-бірлігі арта берсін!

Құрметпен, Қызылорда облысының әкімі                     Қ.КӨШЕРБАЕВ.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 29 сәуір 2017 г. 948 0