Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» тақырыбындағы Қазақ¬стан халқына Жолдауында құрылыс секторын дамытып, оның отандық экономиканың толыққанды драйверіне айналуы тиіс деп міндет қойылып отыр.
Елбасы тапсырмасы бойынша биыл «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасы іске асырыла бастады. Бұл бағдарлама ҚР Үкіметінің 2016 жылғы №922 қаулысымен бекітілген. Бағдарламаның мақсаты халық үшін түрғын үйдің қолжетімділігін арттыру.Ол аса маңызды міндетті орындауға алдағы 15 жылда 1,5 миллион отбасын тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталған.
Бағдарламада тұрғын үй нарығын дамы¬тудың кешенді шаралары көрініс тапқан. Со¬ның бірі – «Даму» акционерлік қоғамы ар¬қылы мемлекеттің субсидия беруі есебінен құ¬ры¬лыс салушылар үшін банк несиесін арзандату. Тұрғындар үшін «Қазақстан ипо¬те¬ка¬лық компаниясы» акционерлік қоғамы ар¬қылы банктер беретін ипотекалық несиені суб¬сидиялау жүзеге асырылады. «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» салымшылары үшін әкімдіктердің несиелік тұрғын үй салуы жалғасады. Оған ілгеріде бөлінген қаржы «револьвер» қағидаты бойынша қайта пайдаланылады.
Әкімдіктер халықтың әлеуметтік әлсіз топтары үшін сатып алу құқығынсыз арен-далық тұрғын үй бөлу ісін дамыта беретін болады. Жаппай тұрғын үй құрылысы үшін бас жоспарға және түбегейлі жоспарлау жобасына сәйкес әкімдер тиісті жер телімдерін бөлуге тиіс. Қалаларда жеке тұрғын үйлердің бірыңғай сәулет стилінде салынуына мән бері¬летін болады. Бұл үшін мемлекет қажет¬¬ті инфрақұрылым тұрғысынан көмек көрсе¬тілетін болады.
Қызылорда облысы бойынша «Нұрлы жер» бағдарламасымен төменде көрсетілген бағыттар бойынша тұрғын үй құрылыстары жүргізілетін болады. Ипотекалық несиелен¬діруді қолдау;
Тұрғын үй құрылысын жеке құрылыс салушылар арқылы жүзеге асырылуын ынталандыру;
Несиелік тұрғын үй құрылысын тұрғын үй құрылысы жинақтары жүйесі арқылы жүзеге асыру;
Арендалық тұрғын үйдің өңірлік қорын құру;
Жеке тұрғын үй құрылысын дамыту.
Жолдаудағы тапсырмаға сәйкес 2017 жылы облыс бойынша барлық қаржыландыру көздерінен 2211 пәтерлі 150,3 мың ш.м. құрайтын 40 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысын жүргізіп, пайдалануға беру және «Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы» көрсеткішін 518,9 мың шаршы метрге жеткізу жоспарлануда.
Атап айтсақ:
1) «Байтерек Девелопмент» АҚ желісі арқылы барлығы 29,7 мың ш.м. құрайтын 420 пәтерлі 7 көпқабатты тұрғын үйлер, оның ішінде:
- «СПМК-70» ауданында 5 тұрғын үй (300 пәтер,21,6 мың.ш.м.) – 2016 жылдан өтпелі. Тұрғын үйлер 2017 жылдың наурыз айында пайдалануға берілді.
- «СПМК-70/3» ауданында 2 көпқабатты тұрғын үй (120 пәтер – 8,2 мың.ш.м.);
2) Облигациялар шығару есебінен 2016 жылы ҚР Ұлттық қоры есебінен Жаппасбай батыр көшесі мен Титов қыстағында барлығы 44,5 мың ш.м. құрайтын 680 пәтерлі 14 көпқабатты тұрғын үй құрылысы жүргізілді. 2017 жылы тұрғын үйлердің құрылысын аяқтауға облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, үйлер наурыз айында пайдалануға берілді.
3) «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ желісімен 27,0 мың ш.м. құ¬рай¬тын 400 пәтерлі 5 көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы қаламыздың Жаппасбай батыр, Демесінов көшелері бойында жүргізілуде.
- Жаппасбай батыр көшесінің бойынан 1 көпқабатты тұрғын үй (170 пәтер -10,9 мың.ш.м.) - аяқталу мерзімі 2017 жыл;
Демесінов көшесінің бойынан 4 көпқабатты тұрғын үй (230 пәтер -15,7 мың.ш.м.) - аяқталу мерзімі 2017 жыл.
4) Арендалық үйлер бойынша Жаппасбай батыр №2 ауданында 2 тұрғын үйдің (210 пәтер,13,2 мың.ш.м.) құрылысына ҚР Ұлттық қорынан қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде, оның ішінде:
-160 пәтерлі (10,0 мың.ш.м.) №8 тұрғын үйдің аяқталу мерзімі 2017 жыл;
-50 пәтерлі (3,2 мың.ш.м.) №16 тұрғын үйдің аяқталу мерзімі 2018 жыл.
5) Жеке құрылыс компаниялар арқылы 39,5 мың ш.м. құрайтын 551 пәтерлі 13 көпқабатты тұрғын үй құрылысы қаламыздың «Арай-3», «Сәулет», «Шұғыла» тұрғын аудандарында және Желтоқсан көшесінде жүргізілуде.
- «Арай-3» тұрғын ауданында 5 көп¬қабатты тұрғын үй (208 пәтер 15,3 мың ш.м.) - аяқталу мерзімі 2017 жыл;
- «Сәулет» шағын ауданында 1 көпқабатты тұрғын үй (100 пәтер 7,1 мың ш.м.) - аяқталу мерзімі 2017 жыл;
- Желтоқсан көше¬сінің бойынан 1 көп¬қабатты тұрғын үй (33 пәтер -2,3 мың.ш.м.) - аяқталу мерзімі 2017 жыл.
- «Шұғыла» шағын ауданында 6 көпқабатты тұрғын үй (210 пәтер, 14,8 мың ш.м) – аяқталу мерзімі 2017 жыл.
Қазіргі уақытта Сырдария өзенінің сол жағалауында жаңа қала бой көтеруде. Сырдария өзенінің сол жағалауын игеру мәселесі 2009 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 шілдедегі №1087 қаулысымен бекітілген Қызылорда қаласының бас жоспарының негізінде қарастырылған.
Бас жоспардың құрамында әзірленген Қызылорда қаласының қала құрылыстық даму Тұжырымдамасына сәйкес қаланың перспективалық дамуы Сырдария өзенінің сол жағалауындағы бос аумақтарда жүзеге асырылады. Айта кету керек, қала Сырдария өзені сияқты ірі су артериясында орналасса да, оның әсемдігі қаланың сәулеттік келбетін қалыптастыруға пайдаланылмаған. Қала құрылыстық жоспар бойынша Сырдария өзені Астана қаласындағы Есіл өзені сияқты табиғи тартымдылығы басым болады.
Сол жағалаудың бас жоспары бойынша салынатын үйлер мен ғимараттар ұлттық және шығыстық нақышта салынатын болады. Қазіргі уақытта 18 тұрғын үйдің, 320 орындық балабақшаның және «Болашақ» университеті ғимаратының құрылысы басталып, инже¬нерлік-коммуникациялық жүйелердің, сон¬дай-ақ көше-жол торабының жоба-сметалық құжаттары әзірленуде. Жүйелердің құрылыс жұмыстарын үстіміздегі жылдың І жартыжылдығында бастау көзделуде.
Жоспарға сәйкес Сырдария өзенінің сол жағалауында тиімді инвестициялық кли-матты қалыптастыратын әкімшілік-офис¬тік, мәдени-ойын сауық, сауда-көрме, спорт¬¬¬тық, коммуналдық, рекреациялық, сон¬дай-ақ мешіттердің, этно орталықтың, 3-4 жұлдызды қонақ үй және элиттік тұрғын үй кешендерінің, білім, денсаулық және әлеуметтік объектілердің, 15,0 мың көрерменге арналған стадионның және тағы басқа да объектілердің құрылыстарын жүргізу және көпқабатты тұрғын үй кешендерін салу жоспарланып отыр.
Сонымен бірге, жоба бойынша сол жаға¬лау¬да жаяу жүргіншілерге арналған бульвар¬¬лар, су бұрқақтарын, шағын формалар, ланд¬шафтық гүлдермен және әсем бұтақ¬тар¬мен көмкерілген композицияларды, сон¬дай-ақ бульвар бойымен велосипед тебуге арналған жолдар, кафе, ресторандар желісін ор¬нату көзделуде. Жоба бойынша Сырдария өзенінің жағалауын абаттандыруға да аса көңіл бөлінуде. Жоба бойынша оның жаға¬лауы абаттандырылып, көркейтілетін болады. Сол жағалауда жаңа орталық салу заман тала¬бы, әрі өңірдің өркендеуіне өз ықпалын тигізеді.
Осы игі істердің барлығы елімізді кейінгі ұрпақ үшін бұдан да өсіп-өркендеген елге айналдыру, Елбасымыздың Қазақстан халқы алдына қойған мақсаты, Жолдаудың міндет¬терінің бірі.
Мұхамедиса ӘЛСЕРІКОВ,
облыстық құрылыс,
сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы.