Президент Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссия құру туралы Жарлыққа қол қойды

Президент Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссия құру туралы Жарлыққа қол қойды2017 жылғы 19 сәуір 21:55306 АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссия құру туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
«Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру, елдің одан әрі қарышты мәдени-гуманитарлық дамуын қамтамасыз ету мақсатында және Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 20) тармақшасына сәйкес каулы етемін: Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссия құрылсын»,-делінген құжат мәтінінде. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 20 сәуір 2017 г. 905 0