БАУЫРЛАСТЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ЕТЕНЕ БАЙЛАНЫСТЫРАДЫ

БАУЫРЛАСТЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ЕТЕНЕ БАЙЛАНЫСТЫРАДЫНұрсұлтан Назарбаев Қазақстанға келген Г.Бердімұхамедовке сәттілік тілеп, Түрікменстан басшысын таяуда өткен президент сайлауындағы жеңісімен құттықтады.
– Сайлаудан кейінгі алғашқы сапарды біздің елден бастауға шешім қабылдағаныңызды жоғары бағалаймыз. Қазақстанды түрікмен халқымен серіктестік, тату көршілік және бауырластық қарым-қатынас байланыстырады. Соның айқын дәлелі – мемлекеттеріміздің 25 жылдық тәуелсіздігі жылдарында қалыптасқан, күн тәртібіндегі өңір¬лік және халықаралық мәселелер бойынша өзара түсіністікке, ынтымақтастыққа негізделген қатынастар, – деді Мемлекет басшысы.
Қазақстан Президенті екі ел бір-бірінің бастамаларын өзара толық қолдайтынын атап өтті.
– Достығымыздың арқасында іске асқан бірлескен ірі жобалардың бірі – Жібек жолы бағдары бойынша Қазақстаннан Түрікменстан арқылы Иранға тартылған теміржол құрылысы. Бұл мәселе 15 мамырда Бейжіңде өтетін «Бір белдеу – бір жол» форумында кеңірек талқыланатын болады. Жоба маңызды бағдар ретінде қарастырылуда және біздің міндетіміз – осы келісімді мазмұндық жағынан толықтыра түсу, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.    
Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы тараптардың қол қоюы үшін әзірленген құжаттар аясында екіжақты ынтымақтастықтың басқа да мәселелерін айқындады, сондай-ақ әлемдік экономика мен саясат үшін қазіргідей күрделі кезде екіжақты қарым-қатынасты табысты дамыту үшін бүгінгі сапардың маңызды екеніне назар аударды. Г.Бердімұхамедов Қазақстанға шақырғаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа ризашылығын білдіріп, Түрікменстанның әрдайым достық, тату көршілік, өзара құрмет қағидаттарын ұстанатынын және қазіргі даму кезеңінде осы ұстанымдарды басшылыққа алып, өзге елдермен қарым-қатынас орнатып отырғанын жеткізді.
* * *
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді.
Келіссөз барысында Мемлекет басшысы Түрікменстан Президентінің сапары елдеріміз арасындағы дипломатиялық қатынастың 25 жылдығымен тұспа-тұс келгенін атап өтті.  
– Біздің қатынасымыз ширек ғасырда өзара сенім және қолдаудың негізінде қалыптасты. Түрікменстан – Қазақстанның өңірдегі маңызды серіктесі әрі одақтасы. Екі елдің халқы бір-бірімен бауырлас әрі тату көрші. Бізді ғасырлар қойнауынан жалғасып келе жатқан ортақ тарихи тамыр, тіл мен дін байланыстырады, – деді Қазақстан Президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев жекелеген бағыттар, соның ішінде көлік-транзит және энергетика салалары бойынша екіжақты ынтымақтастықтың дамып келе жатқанын атап өтіп, бұл ретте басқа да салалардың зор перспективасы бар екеніне назар аударды.
– Бүгін біз Қазақстан мен Түрікменстан арасын¬дағы стратегиялық серіктестік туралы аса маңызды шартқа қол қоямыз. Осы келісімнің арқасында қатынастарымыз дамудың жаңа кезеңіне өткелі тұр. Біз елдеріміз арасындағы шекараға қатысты бар¬лық мәселені шешеміз. Шекараға қатысты түйткілді мәселелері мүлдем жоқ елдер біздің екі мемлекеттеріміз ғана болмақ, – деді Мемлекет басшысы.
Екі ел президенттері халықаралық саясат, екіжақты ынтымақтастық, өңірлік өзара іс-қимыл, мәдени-гуманитарлық және әлеуметтік салалардағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
– Қазақстан мен Түрікменстанның халықаралық аренада оң бедел мен рейтингке ие болып келе жатқанын ерекше атап өткен жөн. Біз бейбітшілік, тұрақтылық және қауіпсіздік мәселелері бойынша өз ұстанымымызды тек өңірде ғана емес, бүкіл дүниежүзінде БҰҰ мен ЕЫҚҰ сияқты халықаралық құрылымдармен бірге айқындап келеміз, – деді Г.Бердімұхамедов.
Сондай-ақ, кеңейтілген құрамдағы келіссөздер аяқталған соң Қазақстан мен Түрікменстан елдерінің басшылары бұқаралық ақпарат құралдары алдында мәлімдеме жасады.
Қазақстан Президенті келіссөздер барысында тараптар шарттық-құқықтық базаны жетілдіруге, кәсіпорындардың екі елдегі ірі инфрақұрылымдық жобаларға қатысуына, сондай-ақ транзит-көлік саласындағы өзара іс-қимылға назар аударғанын атап өтті.
– «Қазақстан – Түрікменстан – Иран» теміржолының іске қосылуын транзиттік-көліктік өзара іс-қимыл саласындағы тарихи оқиға деуге болады. Өзара тауар айналымын ұлғайту ісінде екі елдің кәсіпкерлері осы артықшылықты пайдалана білгені жөн, – деді Мемлекет басшысы.   
Нұрсұлтан Назарбаев келіссөздер барысында су-энергетика саласы және Аралды құтқаруға арналған халықаралық қор қызметін жандандыру мәселесі арнайы қозғалғанына назар аударды.
– Орталық Азиядағы шекаралас өзендердің су ресурстары ортақ игілік болып саналатынын тағы да мақұлдадық. Оларды орнымен пайдалану ондаған миллион адамның тағдырына әсер етеді. Биыл Аралды құтқаруға арналған халықаралық қорға төрағалық ету міндеті Түрікменстанға көшті, – деді Қазақстан Президенті.
Мемлекет басшысы екі ел президенттерінің күн тәртібіндегі халықаралық және өңірлік өзекті тақырыптарды талқылағанын атап өтті.
Нұрсұлтан Назарбаев Түрікменстан Президентін Қазақстан Республикасына мемлекеттік сапарының соңына қарай бірінші дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 20 сәуір 2017 г. 729 0