Көшербаев тағы да көш бастады

Көшербаев тағы да көш бастадыНаурыз айының қорытындысы бойынша Қырымбек Елеуұлы Көшербаев әкімдер көшін бастап келеді, - деп хабарлайды alashinform.kz ақпараттық агенттігі.
Өткен айда әкімдер корпусында кадрлық ауыстырулар болды. Бірден Маңғыстау, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарына жаңа басшылар тағайындалды. Орнынан кеткен әкімдердің қызметі де жұртты қызықтырары анық. Мәселен, Сергей Кулагин зейнетке шықса, Алик Айдарбаев Үкіметке, Нұрмұхамбет Әбдібеков сенатқа жайғасса, Ерік Сұлтанов та қызметсіз қалмады.
Премьер-Министр Б.Сағынтаев өткен айда Ақтөбе, Шығыс Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарын арнайы аралады.
Әкімдердің наурыз айындағы жұмыстарының қорытындысын жасау үшін 1 және 3 сәуір аралығында сауалнама жүргізу әдісі бойынша саясаттанушы, қоғам қайраткерлері, блогерлер, саясаткерлер, журналистерден тұратын 29 сарапшы өз пікірлерін білдірген.
Қырымбек Көшербаев ықпалдылық деңгейі бойынша – 5, өсу келешегі немесе алдағы жылжуы – 4,6, ақпараттық белсенділігі - 4,3, сыни бағалар деңгейінен - -1,2 барлығы 12,7 балл алып, бірінші орында тұр. Одан кейінгі орынға Бауыржан Байбек 12,6 балмен жайғасты. Үшінші орында Астана қаласының әкімі Әсет Исекешов 12,4 балмен орналасқан.
Көш бастап тұрған Көшербаевтың басты жетістігі – Қызылорда облысының әлеуметтік, экономикалық жағынан дамуына қарқынды түрде көңіл бөлуі. Сыр өңіріндегі құрылыстың қарқынды жүзеге асырылып жатуы көңіл қуантады. Сырдарияның сол жағалауын қолға алған әкім қаланың өзінде жаңа ықшамаудан ашып, 2500 жер телімдерін тегін таратты. Бұдан бөлек, Мұстафа Шоқайға арналған ескерткіштің ашылуы мен Алаш қозғалысының 100 жылдығына орай өткізілген халықаралық ғылыми-теориялық конференция да аймақ басшысының абыройлы еңбегінің нәтижесі.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 10 сәуір 2017 г. 1 150 0