КӘСІПКЕРЛІГІ КЕМЕЛ ҚАЗАЛЫ

КӘСІПКЕРЛІГІ КЕМЕЛ ҚАЗАЛЫМемлекет басшысының еліміздің әлеу¬меттік-экономикалық даму тұрақ¬тылығын одан әрі қалыптастыру, халықтың әл-ауқатын көтеру жөніндегі тапсырмаларын орындау Қазалы ауданында күн тәртібіне тұрақты түрде қойылған.Соған орай шағын және орта кәсіп¬кер¬лікті қолдауға бағытталған іс-шара жоспарлары қабылданып, жүзеге асырылуда. Өткен жылы Қазалы ауданының 2016-2018 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту картасы бекітіліп, атқарылған шаралар өз нәтижесін беруде. Мәселен, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны 4173 бірлікті құраған. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 5,1 пайызға артық. Жұмыспен қамтылған адамдар саны 8819-ға жетіп, жаңадан 538 кәсіпкер тіркелген екен. 
 Біздің аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Әліби Әбиевпен жасаған сұхбатымыз осы бағытта өрбіген болатын.
– Нақты кезеңде кәсіпкерліктің алға басуына «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы зор септігін тигізіп отырғаны белгілі. Әңгімеміздің желісін қазалылық іскер жандардың бағдарламаға деген қызығушылығы қандай деген сауалдан бастасақ...
– Өте орынды. Өзіңіз айтқандай, «Бизнестің жол картасы–2020» бағ¬дарламасы кәсіпкерліктің қарқынды дамуына тікелей ықпал етуде. Бұл бағдарламаға аудан кәсіпкерлерінің қатысуы жоғары деңгейде. Мысалы, өткен жылы құны 235,9 млн теңге құрайтын 9 жоба іске асырылса, осы жылдың өзінде 141,9 млн теңгелік 4 жоба қаржыландырылды. Бұл Қызылорда қаласынан кейінгі жоғары көрсеткіш десек, жаңылмаймыз. 
Ал «Даму-Өндіріс» бағдарламасы іске асырылғалы бері 2 жоба жүзеге асырылып, аудан экономикасының дамуына өз әсерін тигізуде. Бұған қоса, «Даму-Аймақтар» бағдарламасы аясында 2 жобаға айналым қаражатын ұлғайту бойынша 110 млн теңге несие берілді. Биылғы жылдан бастап «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасы жүзеге асырылмақшы. Бағдарлама  аясында кәсіптік даярлауға, қайта даярлау курсына оқыту, «жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бойынша мал және ауыл шаруашылығымен, жүк көлігі және жолаушылар тасымалымен айналысу үшін несие беру жоспарлануда. Кәсіпкерлік негізде оқытылатын адамдардың тізімі аудандық кәсіпкерлік палатасына берілді. Осы айдан бастап кәсіпкерлік негізде оқыту межеленуде. Сондай-ақ, «халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» бойынша әлеуметтік жұмыс орнына  жалақыны субсидиялауға 15,1 млн теңге бөлінді. Жұмыс берушімен келісімшарт жасалып, 38 адам жыл аяғына дейін әлеуметтік жұмыс орнына,  жас мамандар жастар тәжірибесіне жіберілді. Жыл басталғалы 106 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.
– Индустриялық аймақ ұйымдастырып, оны қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, кәсіпкерлікті дамыту¬ды бірден-бір қол¬дау шарасы екені мәлім. Осы төңіректе қандай жұмыстар атқарылуда? 
– Бұл бағытта ауданда «Өндірістік аймақ» ұйымдастыру жобасы бойынша 12,7 гектар жер учаскесін инженерлік-инфрақұрылым желілерімен қамта¬масыз етуге республикалық бюджеттен қажетті қаржы бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылды. Қазіргі таңда аудан кәсіпкерлері тарапынан жаңа 10 жоба бойынша жер учаскелері алынды. Оның ішінде жалпы құны 70 млн теңге құрайтын 3 жоба іске қосылып, 33 жаңа жұмыс орны ашылды. Қалған жобалар бойынша іске асыру мерзімдеріне сәйкес қаржыландыру жолдары зерттелуде. «Өндірістік аймақ ұйымдастыру жобасы» бойынша бос тұрған  жер учаскесіне өнім сақтау қоймасы мен сауда қатарларын ұйымдастыру және жылыжай орналастыру көзделуде. Сондай-ақ, «Сауда-логистикалық орталық ұйымдастыру» жобасы бойынша Әйтеке би кентінің орталығынан бірнеше инвестициялық жобаны жүзеге асыру жұмыстары жүргізілуде. Жоба аясында 50 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық автокөлік дәлізі бойынан сервистік қызмет көрсететін нысан салуға 3 жер учаскесі алынған-ды. Салынған нысандардың бірі осы жылы пайдалануға беріледі. Жоба толық іске қосылған кезде 20 адам жұмыспен қамтылатын болады.
– Қазалы ауданы кезінде алыс және жақын шет елдерге «Сыр қауыны» деген брендке ие болғанын жұртшылық мақтанышпен еске алады. Тіпті сонау 1948 жылы Брюссельде өткен халықаралық көрмеде Қазалының қара күләбісі алтын медаль иеленгені көзі қарақтыларға аян. Ендеше осы тақырыпты тарқатып берсеңіз... 
– Жергілікті халықты бау-бақша егу жұмыстарына тарту, ынталандыру мақсатында түсіндірме жұмыстары жыл бойы жүргізілді. Бүгінде аудан жұртшылығы, оның ішінде ауылдық жерлердегі тұрғындардың бау-бақша өнімдерін егуге деген талпынысы өте жоғары. Бұл бағытта өнімді егуден бастап тұтынушыға жеткізуге дейінгі аралықтағы барлық жұмыстар үйлестірілуде. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің бақша өнімдерін сыртқа экспортқа өткізу мақсатында өткен жылдың желтоқсан айында Мәскеу қаласында іссапармен болған делегацияны аудан әкімі Наж¬мадин Шамұратов бастап барды. Нәтижесінде аудан әкімдігі мен Қазақстандық тауарларды көтерме сауда орталығында өткізетін «Kaz-Food» компаниясының бас директоры А.Рапиев арасында меморандумға қол қойылды. Биылғы жылдан бастап ауданда өндірілген ауыл шаруашылығы өнімдері Мәскеу қаласындағы көлемі 90 га жері бар «Фуд-Сити» көтерме сау¬¬да орталығына тасымалданып, тиімді бағамен өткізілетін болады. Сонымен қатар, Қазалының қауынының Ақтөбе облысында саудалануы жолға қойылды. Жуырда Оңтүстік Қазақстан облысының Жеті¬сай ауданына кооператив төрағалары және ауыл әкім-дері іс сапарға барып, ондағы жергілікті бақша өсіру¬шілермен кездесті. Тә¬жірибе алмасып, пленка астында тұқым өсірумен танысты. Нәтижесінде жер¬гілікті жиеншар (торпеда), колхозница, жұлдыз, валет қауын тұқымдары кооператив мүшелерінің қар¬жысына сатып әкелінді. Енді осы тұқымдар ауыл¬ ша¬руашылығы коопера¬тив¬тері арқылы өндірістік негізде егілетін болады. Оған қоса 75 мыңнан астам тұрғыны бар көршілес Байқоңыр қа¬ласындағы пайдаланылмай тұрған бұрынғы сау¬да және қызмет көрсету ғи¬мараттарын аудандық ко쬬му¬налдық меншікке алу арқылы кәсіпкерлік аясын кеңейтіп Қазалыда  өн¬дірілген көкөніс, бау-бақша, азық-түлік өнімдерін ғарыш айлағының халқына өткізудің алғышарттары жасалуда. Су айдайтын насос алу үшін биыл облыстық бюджеттен  қаржы қаралып, 8 насос алу жоспарланып отыр. Бақшалық жерлерді қоршау жұмыстарына аудандық бюджеттен қаржы бөлінді. 
– Орайы келгенде ауданда жүзеге асырылуға тиісті инвестициялық жобаларға тоқтала кетсеңіз. 
– «РЗА» АҚ-ның «1200 басқа арналған ірі қара өсіру кешені мен сүт зауытының II кезеңі» жобасы іске асқанда сүт зауытының қуаттылығы еселеніп, тәулігіне 30 тоннаға дейін жеткізілетін болады. Ол үшін зауытты қайта жарақтандырып, қажетті қуаттылықтағы инфрақұрылым жүйе¬лерімен қамтамасыз ету жұмыстарын атқару қажет. Осы орайда жоба-сметалық құжаттарын әзірлеуге аудандық бюджеттен 13,5 млн теңге қаржы бөлінді. Алдағы уақытта ұсынысымызға байланысты зауытты инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге республикалық немесе облыстық бюджеттен қаржы бөлу қажеттілігі туындауда. «Қазалы Керуен» БК» ЖШС-ның «Көлік, сауда-логистикалық орталық» жобасы бойынша «Сенім-Табиғат» ЖШС «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясымен бірлесіп «Қалааралық автовокзал құрылысын» салу жобасы іске асырылуда. Осы мақсатта   «Байқоңыр»  ӘКК» 77,4 млн теңге, серіктестік 80,4 млн теңге қаражат бөліп отыр. Құрылысқа қажетті материалдардың басым бөлігі жеткізіліп, жер жұмыстары, іргетасын орналастыру жүргізілуде. Жоба аясында сағатына 250 адам қабылдап- өткізу қызметін көрсететін көлемі 1100 шаршы метр болатын автовокзал ғимараты, 50 автокөлікке арналған автотұрақ, басқа да қызмет көрсету орындары мен демалыс алаңдары салынатын болады. Автовокзал құрылысы осы жылдың шілде айында аяқталып, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы арқылы арнайы реестрге алынады  деп күтілуде. Басқа да игілікті жобалар бар.
– Әңгімеңізге рахмет.
Жұмабек ТАБЫНБАЕВ.
Қазалы ауданы.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 08 сәуір 2017 г. 903 0