Сейсенбіде облыс әкімінің орынбасары Р.Рүстемовтің төрағалығымен өткен облыс әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңес отырысында қоғамдағы діннің ролі, мемлекеттің зайырлылық құрылымы, діни қарым-қатынастарды реттеуге бағытталған заңнама секілді өзекті мәселелер күн тәртібіне қойылды.
Осыған орай, аймақ аумағындағы діни ғибадат үйлерінде құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы жұмыстар жөнінде облыстық ішкі істер департаменті басшысының орынбасары Ә.Шаймағамбетов, Қызылорда қаласы және Жаңақорған ауданындағы діни ахуалдың жай-күйі, діни тұрақтылықты сақтау және нығайту шаралары туралы Қызылорда қаласы және Жаңақорған ауданы әкімінің орынбасарлары Ш.Байманов пен С.Ыдырысов, облыс әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі Кеңес отырысы хаттамаларының орындалуы туралы облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы А.Қайруллаев хабарлама жасады. Мәжіліске кеңес мүшелігіндегі жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының қызметкерлері, БАҚ өкілдері, Қорқыт ата атындағы ҚМУ ректораты, дін мәселелерін зерттеу орталығы мен ҚМДБ-ның облыс бойынша өкілі қатысты.
Кеңесте тағы бір басты мәселе – Қызылорда қаласы мен аудан әкімдіктері құқық қорғау органдарымен бірлесіп, мемлекеттік тіркеуден өтпей, астыртын қызмет жасаушы діни ұйымдардың алдын алу, облыс көлеміндегі әділет органында тіркелмеген барлық мешітті мемлекеттік тіркеуден өткізу, әкімшілік аумағында орналасқан бейіт, қорымдардың санитарлық-тазалық жұмыстарын ұйымдастыру сек