Наурыз айының соңғы күні футболдан Қазақстан премьер-лигасының IV кезең ойындары өтті.
Премьер-лигаға оралғалы нәтижелі көрсеткіштермен жанкүйерлерге жеңіс сыйлаған жергілікті «Қайсар» бұл жолы Алматыға қонаққа барды. Тартысты бәсекеде «Қайраттың» «Қайсарды» ойсырата ұту үшін аянып қалмасы ойын барысында айқын көрінді. Алайда, сақтық танытқан Сыр клубы алматылықтардың бұл арманын аяқасты етті. Шабуылды жиілеткен алаң иелері 11-минутта есеп ашып, Жерар Гоу әріптесі асырған допты «Қайсар» қақпасында тулатты. Ойынның 35-минутында Аржанов асырған допқа бірін¬ші жеткен команда капитаны Мақсат Байжанов есепті теңестірді. Тартысты бәсекені тамашалау үшін орталық алаңға 14 мың жанкүйер жиналды. Келесі таймда алаң иелері үшін де, қонақтар үшін де есепті еселейтін қанша мүмкіндік болғанымен, қос команда тарапынан гол соғатын ойыншы табылмады. Осылайша жергілікті «Қайсар» Алматыдан 1 ұпайды олжалап қайтты.
Төрт кезең бойынша турнирлік кестенің көш басына 10 ұпаймен «Ордабасы» мен «Қайсар» шықса, «Тобыл» үздік үштікті түйіндеді.
К.БАЛҒАБАЙҰЛЫ.