Қағаз ақшаны бүктеп-бүктеп тастасаң, үтіктелмеген киімдей бетін «әжім» басып кететіні белгілі. Оның үстіне, ақша өзін күтіп ұстамаған адамның алақанынан қашады деген де әңгіме бар. Алайда, Румыния, Малайзия, Сингапур, Британия секілді елдердің тұрғындары мұндай наным-сенімдерден қорықпайды. Себебі, аталған елдердің кейбір ақша¬лары пластиктен жасалған. Иә, кәдімгі пластиктен. Оны қанша жерден тас қып жұмылған жұдырығыңның ішінде умаждасаң да, алақаныңды ашқан бойда серіппе секілді ыт¬қып шығып, өзінің түп-түзу қалпын сақтайды. Бұл бір жағы таң-тамаша қаларлық дүние болса, екін¬ші жағынан соңғы жаңа технологияның же¬місі. Қағаз ақшаны плас¬тик ақшамен ығыстыр¬ғысы келетін бұл ¬елдер бірнеше мән-жайды ес¬кер¬ген. Айтқандай, қан¬ша жерден түрін «қар¬тайтқың» келсең де, құдіретің жетпейтін әлгі пластик ақшаларды қайдан көрдіңіз дейсіз ғой?! Жергілікті нумиз¬ма¬тиктің коллекциясынан.
Бүгінге дейін 40 елдің қағаз ақшалары мен монеталарын жина¬ған Ғалым Ибраев Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік уни¬верситетінде сабақ береді. Осыдан он жыл бұрын бір ¬танысы оған Оңтүстік Кореяның 100 вондық валютаны қолына ұстатып, қызығушылығын оятқан. Содан бері өзге елдің ақшасын көрсе болды, коллециясын толықтыруға асығып тұрады. Ғалым аға әр елдің ақшасын жинау тек сүйіктің ісіңмен айналысу ғана емес, сол елдің тарихына үңілу деп біледі.
Қоржынында Еуропа, Азия, Африка, ТМД елдерінің ескі ақшалары бар коллекционердің ең көне ақшасы – XIV-XV ғасырларда, шамамен Алтын Орда мемлекеті өмір сүрген кезеңнің тиыны. Бүгінде қарабақырға айналған тиынның құндылығы тым жоғары. Әріптесі, университеттің «Археология және этнография» ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі Әзілхан Тәжекеев осы бағалы тиынның сол кезеңнің ақшасы болғанын растаған. Онда екі бүркіттің басы бейнелеген.
– Дәл қазір менде қазаз ақшаларды, тиындарды, ¬монеталарды – барлығын қосқанда 300-ге жуық ескі ақша бар. Олар – біздің елімізден алыс Тынық мұхиты елдерінен бастап Қазақстанмен көршілес мем¬лекеттердің валюталары. Бірақ мен ең құнды ақша деп Ресей империясы тұсында шығарылған ақшаларды айтар едім. Мәселен, 1909 жылы шыққан 10 сомға сол тұста үш сиыр сатып алуға болатын болған, – деді ол.
Сөздің арнасын қайтадан пластик ақшаға бұрсақ. Румынияның – лей, Малайзияның – ринггит, Сингапурдың доллары пластиктен жасалған ақшаның сапында. Коллекционердің айтуынша, мұндай ақшалардың тиімді тұстары көп. Біріншіден, ұзақ уақытқа жарамды. Ал қағаз ақшалар он жылдан кейін айналымда жүруден қалады. Екіншіден, пластикті пайдаланып, жалған ақша шығару – қиыннын қиыны. Мұндай жаңа әдіспен жасалатын пластик ақша біздің елімізге әлі жете қойған жоқ. Тек нумизматиктің қоржынынан табылады.
Гауһарай ЕСІМОВА.