БАСҚАРМАДА ЖАҢА БАСШЫ

БАСҚАРМАДА ЖАҢА БАСШЫКеше облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен актив жиыны өтіп, онда кадрлық өзгерістер хабарланды. Аймақ басшысының өкімімен облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы болып Нұрлыбек Жолдасбаев тағайындалды. 
Облыс әкімі жиында басқарманың жаңа басшысын таныстыра отырып, тәжірибелі, білікті маман екендігін жеткізді. Сонымен қатар, аудан басқарып, бірнеше басқармаға жетекшілік еткен. Оның жаңа қызметті де абыроймен атқаратындығына сенім білдірді. Айта кетейік, Нұрлыбек Қалжатайұлы 2013 жылдан бастап облыстық еңбек саласындағы бақылау басқармасының басшысы қызметінде болды.

Нағымжан САУЯЕВ.

ТАҒАЙЫНДАУ
Облыс әкімінің өкімімен Жолдасбаев Нұрлыбек Қалжатайұлы Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.   
Нұрлыбек Жолдасбаев  1955 жылы туған. К.А.Тимирязев атындағы Мәскеу ауыл шаруашылығы академиясын «зоотехник-зооинженер» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1972 жылы Жалағаш ауданының «Мәдениет» кеңшарында  жұмысшы болып бастаған. Өзінің еңбек жолында Нұрлыбек Қалжатайұлы мемлекеттік қызмет саласы мен жеке секторда жауапты басшылық қызметтер атқарған. Облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармаларын басқарған, Жалағаш және Жаңақорған аудандарының әкімі болған.
2013 жылдың шілде айынан бастап Қызылорда облысының еңбек саласындағы бақылау басқармасының басшысы қызметін атқарып келді.


НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 04 сәуір 2017 г. 1 118 0