Сексенжылдық тарихы бар, өңірі¬міздегі іргелі оқу орындарының бірі Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың ғылыми-техникалық кітапханасының өзіндік ерекшеліктері бар. Бүгінгі күні мұнда 2 миллионға жуық кітап қоры бар.
Ғылыми кітапхана студенттер мен ғалымдарға, оқырмандарына заманауи талаптарға сай етіп, ақпараттық технология, пайдаланушыларға техника үрдістерін шебер қолданып, пайдаланушыларға қызмет көрсе-туде. Бір қызығы, мұнда сирек кездесетін қолжазбаларды алып, қажетіңізге жаратуыңызға болады. Бұл кітаптар жөнінде ғылыми-техникалық кітапханасының бөлім меңгерушісі Рахила Доспаева былай дейді: «1988 жылы КСРО Жоғары оқу орындары министрлігінің №50 бұйрығы негізінде кітапхана қорынан құрылған сирек кездесетін әдебиеттер бөлімі – біздің мақтанышымыз. Бұл қорда 1760-1947 жылдары жарық көрген ескі славян, орыс, кәріс, неміс, ағылшын, латын тілдеріндегі жалпы саны 5000-ға жуық әдебиеттер сақталған. «Ең ескі» және ерекше кітаптар қатарына 1760 жылы жарық көрген «Древняя история об египтянах, карфагенянах....» шығармасын, екін¬шісі Екатерина ықпалымен 1894 жылы Санкт-Петербургтен шыққан 2 томдық таңдамалы шығарма және «Словарь писателей среднего и нового периода русской литературы XVII-XIX (1700-1825 гг)» және т.б жатады.
Аталған кітапхана өткен жылдың қараша айында Астана қаласында өткен «Eurasian Book Fair – 2016» атты Еуразиялық халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесіне қатысып, кітап қорының ерекшелігін тағы бір дәлелдеді. «Кітап – ғасырлар куәсі» тақырыбымен өткізілген кі¬тап көрмесіне ¬«Казахстаника» бойынша топталған жинақтар; ұлт¬тық салт-дәстүр, Сыр елінің ақын-жыршыларының араб тілінд¬гі қолжазбалары және этнограф, саяхатшы В.Бартольдтің XIX ға¬сырда Сыр бойына жасаған зерт¬теу жұмыстары, XVII-XVIII ға¬сыр¬да жарыққа шыққан қытай иеро¬глифімен таңбаланған корей халқының тарихы, әдебиеті және өнерін баяндайтын шығармалар, 1914 жылы шыққан «Азиатская Россия» деп аталатын 3 томдық альбоммен және т.б. тарихи құнды кітаптарға шет ел -қонақтары мен сонда жиналған көрменің көрер¬мендер легінің басым бөлігі біздің қазыналарымызды қолына ұстап таңданыстарын жасыра ¬алмады. Қазіргі таңда Сыр өңірінің ақын-жырауларының төте жазуымен жа¬зылған қолжазбалары қазақ тіліне аударылып жатыр. Бұл еңбек алда баспа бетін көріп, оқырман қолдарына тиер кітаптардың бастамасы болмақ.
Әрине, сирек кездесетін асыл мұ¬рамызды келер ұрпаққа жет¬кізу, насихаттау – біздің асыл мұратымыз.
Маржан ӘШІРАПБАЙ,
ҚМУ-дың ІІ курс студенті.