Қала әкімі аналарды құттықтады

Қала әкімі аналарды құттықтадыҚызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай, «Астана» мейрамханасында мерекелік салтанатты шарасын өткізді. Мерекелік шараға 200 – ге жуық нәзік жандылар қатыстырылды.
Олардың ішінде Ұлы Отан Соғысының ардагері, Еңбек ардагерлері, батыр аналар, білім, спорт және мәдениет саласының үздіктері, ұлттық - мәдени орталықтардың мүшелері, журналистер мен құқық қорғау саласының қызметкерлері, үкіметтік емес ұйым өкілдері, білім беру мекемелері секілді әр түрлі салада жемісті еңбек етіп жүрген нәзік жандылар бар.
Шара барысында қала әкімі Н.Нәлібаев: «Жыл мезгілінің ең ғажайып кезеңі, көктемнің шұғылалы шуақты күнінде Сіздерді және Сіздер арқылы барша аналарымыз бен аруларды төл мерекелеріңіз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Сіздерге құрметіміз шексіз. Бұл біз үшін аналарымыздың алдындағы перзенттік парызымыз, жалпы нәзік жандылардың алдында ер азамат ретінде міндетіміз деп білемін. Анасын асылым деп санайтын, апа – жеңгелерін қымбатына балайтын, қарындасын қарлығашым деп қадірлейтін, өмірінің қосағы сүйікті жары мен тәтті сезімінің жемісі өз қызын жанындай жақсы көретін ерлер қауымының барлығына ортақ сезім бұл.
Сіздердің дендеріңізге саулық, босағаларыңызға бақ-береке, шаңырақтарыңызға шаттық тілеймін» - дей келе, арулар қауымының қоғамдағы мәртебесі мен маңызына тереңірек тоқталды.
Өз кезегінде, салтанатты шараға қатысқан ақ жаулықты аналар мен қыз-келіншектер Сыр өңірінің бас шаһары – Қызылорда қаласында соңғы жылдары атқарылған ауқымды жұмыстардың арқасында, өңірімізде орын алған оң өзресітерге тоқталып, осы мақсатта қызмет етіп жүрген барша азаматтарға алғыстары мен аналық ақ тілектерін жеткізіп жатты. Салтанатты жиын барысында жергілікті өнерпаздар барша қатысушыларға мерекелік көңіл-күй сыйласа, бүлдіршіндер де аяулы жандарға әсем әндерін арнады. Қатысушылардың барлығына қала әкімі арнайы сыйлықтар мен гүл шоқтарын табыстады.
Қала әкімі аналарды құттықтады
Қала әкімі аналарды құттықтады
Қала әкімі аналарды құттықтады
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 09 наурыз 2017 г. 963 0