Сіздерді Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Елбасының бастауымен тәуелсіз еліміздің керегесі кеңейіп, экономикасы қуатты, болашағы айқын мемлекет болып қалыптасуына асыл аналарымыз бен ардақты жеңгелеріміз, апа-әпке, қарындастарымыздың өлшеусіз үлес қосқандығы ақиқат.
Отбасының күнделікті шаруасын, бала тәрбиесін және қоғамдық жұмыс¬тарды қоса атқара жүріп, әйел заты біздің қоғамдағы тұрақтылық пен ел бірлігін сақтау мәселесінде маңызды рөл атқарып келеді.
Біз аймағымыздағы іскер әйелдердің кәсіп пен саясат, білім мен денсаулық сақтау, өнер мен ғылым және өзге де салаларда зор жетістіктер шыңынан көрініп жүргендігін зор мақтанышпен айтамыз.
Әр отбасының береке-бірлігін қалыптастырып, ұлтымыздың дәстүрі мен салтын, мәдениеті мен тарихын, тілін қадірлеуді ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келе жатқан Сіздерге шынайы ризашылық сезімімізді білдіреміз.
Мерейлі мереке қарсаңында Сіздерге зор денсаулық, отбастарыңызға құт-береке, мол бақыт тілеймін.