ЕРТЕҢІН ОЙЛАМАҒАННЫҢ ЕҢБЕГІ ЗАЯ

ЕРТЕҢІН ОЙЛАМАҒАННЫҢ ЕҢБЕГІ ЗАЯҰлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жетекшілігімен Қазақстан тәуелсіз ел ретінде ширекғасырлық даму кезеңінен абыроймен   өтіп,  халықаралық беделге қол жеткізді. Өзіндік бет-бейнесі, ұстанымы, ерекшеліктері, мақсат-мұраты бар елге айналдық. Осы уақыттың ішінде әлем өзгерді, дүние жаңарды. Адамзаттың алдында жаңа сынақтар, жаңа болмыстар қалыптасуда. Жаңа жаһандық болмыспен басқалармен бірге Қазақ елі де бетбе-бет келуде. Сондықтан да Елбасы биылғы дәстүрлі Жолдауын заманның жаңа сын-қатерлерін  еңсеруге арнады. Яғни, Президентіміз  Қазақстанды жаңғыртудың үшінші кезеңін  және оның бес басымдығын  жариялады. «Жаңғыру» сөзі өзгеру, түлеу, жаңалау, жаңару  сияқты сөздермен мәндес.  Осыған дейінгі Кеңестік империядан тәуелсіздікке өту және 50 бәсекеге қабілетті ел қатарына ену жолында еліміз шынықты, ширады,  сыннан өтті. Еліміздің жаңғыруы ұлттық идеямыздың көрінісі. Ендігі жерде алдыңғы қатарлы отыз елдің қатарына қосылу жаңғыруымыздың алтын өзегіне айналуда. Ол үшін қазақ халқының қазіргі  жеткен жетістігі мол мүмкіндік туғызып отыр. Рас, елімізде жер, тіл, дін мәселесіндегі ортақ көзқарастың болмауы, жемқорлық, жершілдік, рушылдық сияқты өркениетке  тұсау болар жағдайлар бар.
Бірақ іс қылам, нәтижеге қол жеткізем дегенге    теңдік туған заман болып тұр. 
Жолдаудағы  бес басымдықты зерделей келе, бізге  уақыттың қатал  талабын  қабылдап, оған жауап беретін лайықты міндеттерді қабылдап, іске асырудан басқа жол екенін бәріміз түсінгендей болдық. Ендігі жерде адамның өз бойындағы кері кетірер кеселдерден арылмай болмас.  Жолдаудың төртінші басымдығындағы адам капиталының сапасын жақсарту осы бағытты көздеп отыр.
Жолдаудағы міндеттерді тек мемлекеттің атқаратын жұмысы деп қарасақ жаңылысамыз.  Жаңғыру ұлттық идеямыздың көрінісі болса,  ұлттық идея қоғамнан бастау алып, қоғамды қозғап, сапалық өзгерістерге бастайды. Ұлттық идеяны мемлекеттің жүргізуі мемлекеттік идеологияны қалыптастырады. Бүгінгі біздің  басты идеологиямыз  – әрқайсымыздың бәсекеге қабілеттілігімізге қол жеткізу. Әркім өз  отбасының, жеке басы¬ның, отанымыздың  тұрақты дамуы үшін  уақыт шақыруларына дайын болуы тиіс.   Білімді де сауатты, саламатты,   тұрмыс деңгейінің жақсы, өмірде табысты болуы, өмірге бейімделгіш, өзін-өзі дамытқыш, яғни  арманына іспен жете алатын   адам ретінде танылуы әркімнің  өз қолында. Болашағын бүгін айқындап, сары уайымға, бос қиялға уақыт өткізбей, кезең-кезеңімен келетін сын-қатерлерге табанды жауап беретін адамдар ғана табысты болады. Нарық  жағдайында арамтамақтық көзқараспен  жақсы  тұрмыс  деңгейіне  жете  алмасымыз да анық. Өзін-өзі дамытушылық бостандықтың бір көрінісі. Бірақ бостандық әркімнің бет-бетімен кетуі емес. Бостандық дегеніміз, әрбір азаматтың өз еліне деген тәуелділік санасы болса керек. Жеке адамдар тарапынан енжарлық, селқостық белең алғанда мемлекеттік шаралар үлкенді-кішілі мәжбүрлеумен қабаттаса жүреді. Бұл адамның тығырықтан шығар жолды өзі табуынан гөрі, басқаның кеңесіне, көмегіне, жетекшілігіне иек артуға еті үйреніп кетуіне әкеліп соғады. Оның дәлелі – біздің қоғамның әлі де болса социализм дертінен айыға алмауы. Ал бұл өз тарапынан келгенде адамның дербес шешім қабылдау қабілетін төмендетеді. Бұның ең қауіптісі – өзінің  қабілетсіздігінің себебін басқаға аудара салу. Ондай адамдар әртүрлі популистік іс-әрекеттерге сенгіш келеді.  Алайда, адамдар өз бақытына өз күш-қуатымен қол жеткізетінін ешкім түгелімен жоққа шығара қоймас.  Жолдаудың төртінші басымдығындағы сыни ойлау мен өз бетімен іздену дағдыларын дамытудың мақсаты осы деп ойлаймыз.
Елбасының білім беруді экономи¬калық өсудің орталық буынына айналдыруды, қаржылық сауаттылықты арттыруды тапсыруының сыры тереңде.  «Адам дамуы» мен «экономика дамуы» темір жолдың қос рельсі сияқты қатар жүруі керектігі даусыз. Осы тұрғыдан келгенде адами  капиталдың сапасын арттыруды, оның жасаушы, жаңалыққа ұмтылушы, үлгі көрсетуші, нәтижеге жетушілік қасиеттерін арттыру деп түсінеміз. Кез келген адамның шығарған өніміне  қарап, оның өз жұмысына деген көзқарасын, мәдени деңгейін анық¬¬тауға болады. Яғни өнім оның нақты бет-бейнесін білдіретіндіктен, өнімнің сапасы жоғары болғанына күш салады. Сапалы өнімге сұраныс жоғары. Сұ¬раныс экономиканың қоз¬ғау¬шы күші. Адамдар парасатты, пайымды болған сайын, экономика да жүйе¬лі бола түседі. Сондықтан да, бі¬лім жүй¬есін экономиканың орталық буы¬¬нына айналдыру, қаржылық сауат¬ты көтеру, жастардың өздігінен із¬дену дағдыларын арттыру үшін оқу бағ¬дар-ламаларын дайындауға креа¬тивті маман, тұлғаларды тартуымыз қажет. Бү¬гінгі күні  ізденушіні өз ер¬кі¬мен шы¬ғармашылыққа үйренуге, өз бетінше мәселені анықтап, шешім қа¬бы묬дауға  үйрететін педагогиканың ролі өте ма¬ңыз¬ды. Бизнеске салынған қар¬жы тиім¬¬ділігі одан қайтқан пайдамен өл¬шен¬се, адамға салынатын инвести¬ция¬¬ны, ол адамның бәсекелестікке тө¬¬¬¬теп берушілігімен өлшеуге болады. Қазақстандағы адам капиталының бә¬се¬кеге қабілеттігі ұлттық мүддеміз. Жаһандық бәсекелестікте табанды болуымыз үшін ұлттық қасиет, ұлттық рух, ұлттық мінез керек.   Әлемдегі тай-талас, осы жолдағы қитұрқы саясаттар  ұлтымыздың ұйыса түсуін талап етуде. Бұл жерде Елбасымыз көтеріп отырған  ұлтжандылық қасиеттің де орны ерекше.  
Қазақстанда жаңарудың ұлттық негізі бар. Жаңарудың ұлттық негізі ретінде ортақ құндылықтардың, бірдей мүмкіндіктердің, салт-дәстүр мен елжандылық, бәсекелестік пен жеңіске құштарлықтан, т.б қасиеттерден  қалыптасқан ұлттық рухты айта аламыз. Ұлттық рухсыз   тәуелсіздігіміз толыққанды болуы мүмкін емес. Ұлт тәуелсіздігіне апарар ұлттық санамыздың тәуелсіздігі – ұлттық рухтың жемісі. Ал бүгінгі мемлекетімізді, яғни, мемлекет құраушы қазақ ұлтының санасын жаңғырту ұлттық рухымыздың одан әрі дамуына жол ашады.  Ол өз кезегінде,  бізді    кез келген қиындыққа төтеп беруге    жігерлендіре түседі.
Сонымен бірге, ұлтжандылықтан бұрын  ұлтшылдық деген сөздің мазмұнын   терең талдағанымыз дұрыс.   Тәуелсіздікке дейін бодан ел ретінде қазақтың өз ұлтын сүюін теріс мағынадағы «ұлтшылдық» ретінде бағалап, шовинизм ретінде миымызға сіңірді. Қазақ ұлтының азаттыққа ұмтылған идеялары мен іс-қимылдарын арнайы нормативтік құжаттармен  мемлекетке қарсы ұлтшылдық деп заңдастырды. Сол үшін қаншама зиялыларымыз бен жастарымыз  жапа шекті. Бодан елдердің ұлтшылдығы шын мәнінде өз мемлекетін құру болғандықтан отарлаушылар идеологиясы осындай саясат жүргізуге мәжбүр. Ұлтшылдық немесе мемлекетшілдік қасиеттен туындайтын билікке деген  сыни көзқарастарды тек «мемлекетке қарсы  пиғыл» деген ойдан аулақ болғанымыз жөн. Әйтпесе, ұлтшылдықты өздеріне ұпай жинауға дайын адамдар пайдалануы мүмкін. Мысалы, жер реформасы, азаматтарды тіркеуді  ұлттық деңгейге көтеруге тырысушылықты байқадық емес пе?!  «Бір ұлт, бір ел, бір тағдыр»  саясатын іске асырамыз десек, ашық дискуссия, шынайы пікір алмасу арқылы қоғамды сауықтандырып, әрбір азаматтың  қоғамдық жауапкершілігін арттырып отыруымыз қажет. 
Жолдау біздің алда бірге жүріп өтетін болашақ бағытымызды  бағдарлап берді. Осыған қарап, ертең олай да бұлай болады деп  жорамал жасау әркім үшін керек те шығар, екінші жағынан өз-өзімізді жұбатуға айналып кетпегені абзал. Жұбату сөз адамды босаңсытуы мүмкін. Қайта  бізге қамшылайтын, қуаттандыратын жігер, сенім керек. Жолдаудағы басымдықтарды тиімді жүзеге асыру біздің ортақ ниетімізге байланысты. Ортақ ниет үшін,  ішкі түсінігіміз, үйлесімді, ішкі саясатымыз тұрақты болғаны дұрыс.  Ал біз болсақ,   ішкі саясатымызда тек бір ғана   әлеуметтік жобаларды іске асырудың  өзін тәртіпке келтіре алмай жүрміз. Мысалы,  жобаларға  жарияланған   мемлекеттік сатып алуды тәжірибесі жоқ үкіметтік емес ұйым қаржысын төмендетіп ұтып алады. Содан кейін қаржыдан  өз үлесін ала отырып,  жобаны бұрын жүргізіп жүрген ұйымға  береді. Ол ұйым  мемлекет алдында тікелей жауапты болмаған соң,  құжаттарын  құрастырып, есепті жауып береді. Мемлекеттік мекеме қаржы игерілмей қалмасын деп есепті қабылдайды. Қаржыны тиімді игеру мәселесі ешкімді қызықтыра бермейді және жоба өз мақсатына жете алмайды. Сондықтан бұрынғы жобалармен бірге барлық салаларға қатысты жобалардың бағытына байланысты конкурс жариялау қажет. Ең үздік деген жобаларды ғана қаржыландыру керек. Сонда жоба иесінің  жауапкершілігі жоғары болады. Бұның заңдық негізін мемлекеттік деңгейде реттеу қажет деп түсінеміз.
Бүгінде қоғамда өз орнын ойып ала бастаған цифрлық технология заманында  көпшілікті билікке дұрыс араластыра алмауды уақыт кешірмейді. Билік жүйесі тұйықталған сайын ішкі тұрақтылығымызға сына қағуға дайын адамдар бар екенін еш естен шығармайық. Оны ұйымдастыруға еңбектеген баламен еңкейген қарттарға дейін қолдарында жүрген телефон да жеткілікті.   
Жоғары да айтылғандардың көбі Жолдауға деген жұртшылық ынтасының деңгейіне тікелей қатысты. Сондықтан да Жолдау мәтінін қайталай бергеннен гөрі, оны іске асырудың жауапкершілігін арттыра алсақ, ұтарымыз көп боларына көзіміз жетуде. Мысалы, Жолдау мәтіні баспасөзде жарияланғаннан соң, облыстық актив жұмысы ұйымдастырылып, облыс әкімі Қырымбек Елеуұлы Көшербаев өңірімізде атқарылуы тиіс міндеттерді айқындады, жауаптыларды белгіледі, орындалу мерзімін нақтылады. Жауапты тұлғаларға алпыс¬тан астам тапсырмалар берді. Олар облыс әкімінің 2017 жылға арналған іс-қимыл жоспарында да көрініс тапты. Яғни, міндеттердің жүзеге аса бастауы  елдің көз алдында болып, бұқараның Жолдауға ынтасын арттырады. Бұл өз кезегінде халық пен билік арасындағы сенімді күшейтеді. Осы сенім арқылы Қазақстанды кейінгі ұрпақ үшін бұдан да өсіп-өркендеген елге айналдырамыз. Кезінде  бір әмір   ауылдың тұсынан өтіп бара жатса, бір кәрі кісі жаңғақ ағашын егіп жатыр екен.  Әмір қарқылдап күліп, «ай шал, сайтан боламысың, бұл ағаш жемісті 25 жылдан кейін береді ғой депті». Сонда шал «олар екті біз жедік, біз егеміз олар жейді деп» бір ауыз сөзбен қайтарыпты. Ата-бабамыз өз заманының қыспағына лайықты жауап беріп, бізді осы күнге жеткізді. Енді біз кейінгі ұрпақ үшін тарихи миссиямызды абыроймен атқарайық.
   Наурызбай БАЙҚАДАМОВ, 
облыстық мәслихат хатшысы.


НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 04 наурыз 2017 г. 1 141 0