МАҚСАТ – ҮЗДІК АЛТЫЛЫҚҚА ЕНУ ҮМІТІ

МАҚСАТ – ҮЗДІК АЛТЫЛЫҚҚА ЕНУ ҮМІТІОблыс әкімі Қырымбек Көшербаев қызылордалық «Қайсар» футбол клубы бас бапкерлігіне тағайындалған Стойчо Младеновты қабылдады. Болгарлық маман аймақ басшысына алға қойған мақсаттарын айтып, жергілікті жанкүйерлер сенімін ақтауға күш салатынын жеткізді.
Қабылдаудан соң БАҚ өкілдеріне сұхбат берген бас бапкер Премьер-лигаға қайтып оралған клубтың мүмкіндігі зор екендігін жеткізді.
– Команда жоғары лигаға жеңіс үшін келді деп ойлаймын. Ойыншылар құрамында азды-көпті өзгерістер болуы мүмкін, жалпы клубтың ойын өрнегі көңілімнен шықты. Облыс әкіміне үлкен алғыс айтамын, қолдау бар, қаржы бар. Тек, жақсы нәтижеге жетуге тиіспіз. Негізгі мақсатымыз – маусымды үздік алтылық қатарында аяқтау. Бұған толыққанды мүмкіндік бар, – деді бас бапкер.
Айта кетейік, «Қайсар» футбол клубы маусымдағы алғашқы ойынын 8 наурыз күні өткізеді. Жерлестеріміз алаңында Көкшетаудың «Оқжетпесін» қабылдайды.
 
Н.САҚТАПБЕРГЕН.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 02 наурыз 2017 г. 961 0